Мазмұнға өту
Қылмыс пен жаза
127 жазбалар3 тіркелуші

Қаржы пирамидасы арқылы 600-ден аса адамды сан соқтырған азамат Грузиядан елге әкелінді

Еліміздің Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қаржы пирамидасын құрғаны жәнебасқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында күдіктіні Грузиядан экстрадициялады.Оның құрған қылмыстық тобы 2020 жылы Маңғыстау облысында «Plus Capital» қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 600-ден астам салымшының жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам ақшалай қаражатын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін заңсыз иемденген.Қылмыстық топ мүшелерінің бір бөлігі түрлі жаза түрлеріне сотталды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, соған байланысты халықаралық іздестіруге жарияланды.2023 жылғы қарашада ол Грузия аумағында ұсталды.Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәр…

0
0
445

Азық-түлік корпорациясының департамент басшысы мен бас маманы сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен «Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ қаржы департаментінің директоры Н.Г. Жұмаділов және бас маманы Г.Ж. Әбенов сотталды.Оларға кәсіпкерден құжаттарды жинау бойынша бұрын көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ астық түрінде тауарлық несие беру туралы шартқа қол қоюға көмектескені үшін пара алды деген айып тағылған болатын. Сотталғандарға қатысты сот шешімімен мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жалпы сомасы 48 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.Қала прокуратурасы үкімді бас бостандығынан айыру жазасына өзгерту бойынша апелляциялық өтініш енгізді.ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас…

0
0
436

Мұхтар Әбіләзовтің тағы бір сыбайласы өз еркімен елге оралды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «БТА Банкі» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық құрамында жасалған ақшаны, оның ішінде шетелде жымқыру және жылыстату деректері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.Қылмыстық іс бойынша 2009 жылдан бері іздеуде жүрген Мұхтар Әбіләзовтің тағы бір сыбайласы - Алексей Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды.Ол «Metropolitan Manageres Corp» (BVI) оффшорлық компаниясының номиналды өкілі, «Беловод крахмал комбинаты» ЖАҚ Басқарма Төрағасы және «Маис Агро» ЖШС маманы ретінде банктің 300 млн теңгеден астам сомаға ақша қаражатын жымқырған.Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен түсіндіру жұмыстарының нәтижелері бойынша Богданов Қазақстанға оралуға және тергеуге жәрд…

0
0
363

Адам өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық Түркиядан әкелінді

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен тонау, кісі өлтіру және ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды.2022 жылдың наурыз айында Алматы облысында күдікті өзінің ағасымен бірлесіп құны 300 миллион теңгеден астам темекі өнімдерін тасымалдайтын жүк көлігінің жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған. Жүргізушіні өлтіріп, мәйітті жол бойындағышұңқырға көмген.Қылмыс жасаған күдіктілердің бірі ұсталып, нәтижесінде сотталды. Ал екіншісі тергеуден қашып үлгерді. Сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған.Содан екінші күдікті 2023 жылғы тамызда Түркияда ұсталды.Қазір ол Астанадағы тергеу қапасына қамауға алынған.Осы қылмыстарды жасағаны үшін м…

0
0
373

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектісінен 10 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.
Тергеу сотының санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

0
0
337

Бишімбаев пен Байжановқа қатысты сот үкімі шықты

Астанада әйелін азаптап өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның қылмысын жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі шықты. Бишімбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Аса қатыгездікпен адам өлтіру) мен 110-бабы (Азаптау) бойынша 24 жылға, Байжанов 432-бабы (Қылмысты жасыру) бойынша 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Байжанова изначально обвиняли по статьям 432 "Укрывательство" и 434 "Недонесение о преступлении" УК РК. Позже прокуроры отказались от одной статьи обвинения. В действии осталось лишь заранее необещанное укрывательство особо тяжкого преступления.Еске сала кетсек, өткен жылы 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын…

0
0
520

20 жылдан аса іздеуде жүрген ресейлік Астанадағы үйдің шатырынан табылды (видео)

Елордалық полиция 20 жыл іздеуде жүрген азаматты құрықтады.
undefined
Алматы аудандық ПБ қызметкерлері көрші мемлекеттің аумағында алаяқтық жасағаны үшін 20 жылдан астам уақыт мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресейдің 53 жастағы азаматын ұстады.
Күдікті алдымен Қырғызстанға қашып, ол жақтан Астанадағы туыстарына келген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ер адам үйдің шатырынан табылды.
Қазіргі уақытта оны Ресейге экстрадициялау мәселесі қаралуда.

t.me/POLICE_of_KZ

0
0
381

"Мал!" Салтанат Нүкенованың әкесі Бишімбаевқа айғайлады

Марқұм Салтанаттың әкесі Амангелді Нүкенов бүгін алғаш рет журналистер алдында сөйледі.

undefined

"Мен мына айуан өмір бойына түрмеге қамалады деп үміттенемін", - деді Нүкенов.

Ал судья мен алқа билер кеңесу бөлмесіне кеткен кезде ол айыпталушы Қуандық Бишімбаевқа қарата: "Мал, мал!" деп айғайлады.

Сондай-ақ бүгін судья Айжан Құлбаева алқа билерге арналған 13 сұрақты оқыды. Оның 10-ы Бишімбаевқа, үшеуі Бақытжан Байжановқа қатысты.

Сөйтіп, судья мен 10 алқа би тағы да кеңесу бөлмесіне кетті. Олар сол жерде өз шешімдерін айтады. Ал судья үкім оқылатын уақыт қосымша хабарланатынын жеткізді.

0
0
270