
"Қылқындырған да болуы мүмкін". Сарапшы жарақаттарды менекенге сызып көрсетті
Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот алдына айғақ беру үшін сот-медициналық сарапшы шықты.

Ол өзімен бірге манекенді ала келіпті. Салтанат Нүкенованың басына тиген соққыларды соған сызып көрсетті.
"Ақыл-есі дұрыс адам өз-өзінен мұндай жарақат алмайды. Ол өзі құлап кетсе де, түйсік бойынша басын қорғап қалады... Тіпті мас адам да құлағанда мұншалықты сұмдық жарақат алмайды", - дейді сарапшы.
Сондай-ақ оның айтуынша, Салтанаттың басына 12-13 соққы беруден бөлек оны қылқындырған да болуы мүмкін. Өйткені мойнында соның ізі бар.
Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы (9.04.2024 ж. 1-бөлім)
Жамбыл облысында жалған лаңкес ұсталды
Наркологиялық диспансерде бомба туралы хабарлаған қаскүнем құрықталды.8 сәуірде сағат 16.00 шамасында Меркі аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінде жарылғыш құрылғының орнатылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Тексеру барысында бұл ақпарат расталмады. Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы ауданның 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол есірткіге мас күйде қоңырау шалғанын мойындады. Ұсталған адам бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған және есірткіге тәуелді ретінде есепте тұрған. Өткен жылы жоғарыда аталған наркологиялық диспансерде мәжбүрлі түрде стационарлық емдеуден өткен. Қазір терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды, күдікті уақытша ұстау из…
Бишімбаевқа қатысты сот отырысы (тікелей эфир. 8.04.2024 ж. 2-бөлім)
Бишімбаевтың біртүрлі жауаптары сот отырысы өткен сайын көбейіп барады
Әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот барысында біраздан бері экс-министрдің өзінен жауап алынып жатқаны аян. Құдай өзі кешірсін, онда күндер өткен сайын қызық жайттар айтылуда.Бишімбаев бәріне марқұм әйелі Салтанат Нүкенованың өзін кінәлі етіп шығарғысы келетін сияқты.Бүгін экс-шенеуніктікі-міс делінген қойын дәптерден айыпталушының адвокаты бір жазбаны оқып берді. Оны күйеуінің алдында бір нәрсеге кінәлі болып қалған Салтанат жазған көрінеді.«Сенуге, қызғанбауға, тұрақты түрде психологқа баруға, өзіммен жұмыс істеуге уәде беремін. Қуандықтың айтқанын істеп, оны сыйлайтын боламын... Қуандық Бишімбаевпен бірге намаз оқып, санамды арттырамын, рухани өсемін. Үйімді, махаббатымызды Алланың жар болуымен сақтаймын», – делінген онда.Қорғаушы тарап осы жазбаны іске қоса т…
Алматы әуежайында шетелдік азамат жалған төлқұжатпен ұсталды
2024 жылғы 4 сәуірде Алматы қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері паспорттық бақылау жүргізу кезінде Бразилия азаматының жалған төлқұжатын ұсынған шетелдікті ұстады.
Бұл адамды жеке тінту кезінде аяқ киімнің табанына жасырылған жалған төлқұжат табылды және алынды.
Содан кейін шетелдік азамат депортацияланды.
ҰҚК баспасөз қызметі
Бишімбаевқа қатысты сот отырысынан тікелей эфир
Бүгін әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.
29 адамды коттеджде қамауда ұстап, оларға несие алдырған
Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды ұрлаумен және заңсыз бас бостандығынан айырумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Күдіктілер жәбірленушілерді алдап, оларға қайтарымсыз несие рәсімдеткен. Арнайы жалға алынған коттеджде қамауда ұсталған 29 адам анықталды. Оларға келтірілген шығын 200 млн теңгеден асады. "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі мен жинақталған дәлелдемелер жиынтығы бойынша күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, оны басқарып, қатысқаны үшін екі қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың барлық жеті мүшесі ұсталып, қамаққа алынды. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа да ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды", – деді департамент…
ҰҚК Ақтауда лаңкестік әрекеттің алдын алды
2024 жылғы 1 сәуірде Ақтау қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризм актісіне дайындалу күдігі бойынша жергілікті тұрғынды ұстады.

Оның тұрғылықты жерінде тінту барысында зақымдайтын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Ол бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған, радикалды діни идеологияны ұстанушы болып табылады. Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 255-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. ҰҚК баспасөз қызметі