Мазмұнға өту
Қылмыс пен жаза
127 жазбалар3 тіркелуші

Бишімбаев сотында Байжанов оның жедел жәрдем шақыртқызбай қойғанын айтты

Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысында екінші айыпталушы, экс-министрдің немере інісі, қанды оқиға болған «Гастроорталықтың» директоры Бақытжан Байжановтың сөзі тыңдалып, одан жауап алынды.

undefined

Қазақстанның ең жас экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың бүгінгі туған күні оның есінен кетпестей болғандай.

Немере інісі сотта Бишімбаевтың жедел жәрдем шақыруға тыйым салғанын мәлімдеді.

Бишімбаевтың жедел жәрдем шақыру керек деп өзі айтқаны және Салтанат Нүкеноваға өлім тілемегені туралы сөздері бүгін жайына қалды.

Бақытжан Байжановтың мына мәлімдемесі көп нәрсені өзгертейін деп тұр.

Оның осы айтқандары Бишімбаевтың өкілдерін ашуландырғаны сонша, олардың бірі – экс-министрдің әлде адвокаты, әлде анасы Байжановқа «ұятсыз» деп салды.   

https://t.me/patriot_patriot

0
0
319

Қайрат Сатыбалдыұлынан тағы 50 млрд теңге қайтарылмақ

Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша мемлекетке тағы 50 млрд теңге қайтару жоспарланып отыр.Ағымдағы жылы 11 сәуірде Қ. Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істі қарау шеңберінде сот (ҚР ҚК 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы) прокурордың өтініші бойынша заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі рәсімдерді орындау қажеттілігіне байланысты процестік келісім жасасу үшін қосымша мерзім беру туралы шешім қабылдады.Атап айтқанда, сотталушының жалпы сомасы 50 млрд теңгеден асатын қосымша мүліктік активтерін мемлекет пайдасына қайтару туралы мәселе қаралуда.Бұған дейін хабарланғандай, тергеу барысында Қ. Сатыбалдыұлы өз кінәсін толық мойындап, қылмыстық жолмен алынған мүлікті ашуға ықпал еткен. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотталушының…

0
0
330

Атырау облысында жарты тоннаға жуық бекіре тәркіленді

undefined

Өңір полициясы балықтың заңсыз айналымымен байланысты алты құқық бұзушылықты анықтады. Төрт дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жеті су қайығы, сегіз автокөлік, сонымен қатар 435 кг бекіре және 2 кг 500 гр. бекіре балығының уылдырығы тәркіленіп, "Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытына" тапсырылды.

0
0
254

Қылмыстық топтың басшысы Әзербайжаннан әкелінді

Қазақстанға Әзербайжаннан қылмыстық топтың басшысы экстрадицияланды.Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оның қызметіне басшылық еткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Әзербайжаннан Қазақстан азаматы экстрадицияланды. 2016-2018 жылдары аралығында күдікті Қазақстанға халық тұтынатын тауарларды контрабандалық жолмен әкелумен айналысқан, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтарған қылмыстық топты тікелей басқарды. Осы әрекеттің салдарынан мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.Қылмыс жасағаннан кейін ол тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды.Кейін күдікті Әзербайжан аумағында ұсталды.Әзербайжан Республикасының…

0
0
348

Бишімбаев ісі: бүгін түске дейін не айтылды?

Әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысына Салтанат Нүкенованың астрология жөніндегі көмекшісі болған Анар Тасова куәгер ретінде шақырылды.Сурет: SATZHANGRAM  Тасова Нүкенованың өз жұмысын жақсы көргенін, клиенттері үнемі риза болғанын айтты. Бірақ Салтанат тұрмыс құрғаннан кейін біртүрлі әрекеттер жасай бастапты.«Ол күйеуге шыққан соң бірден аккануттарының кұпиясөздерін ауыстырып жіберді. Бұған мен қатты таңғалдым», – деді куәгер.Анар Салтанаттың мойнынан қылқындыру мен жіптің іздерін көргенін де айтты.   «Біздің бірге түскен суретіміз бар. Сол суретте де көгергендері көрініп тұр. Ол қырынан отырды. Өйткені маған көрсеткісі келмеді. Көгерген жерлер қолында да болды», – деді Тасова.Айыпталушы болса, осыған қатысты ойына…

0
0
224

Шымкентте сусынға ерітілген ірі көлемдегі есірткі қоймадан табылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен метамфетаминнің ірі партиясының контрабандалық арнасын жойды.
undefined
Шымкент қаласында жүргізілген операция нәтижесінде есірткі алуы барысында осы арнаны ұйымдастырды деген күдікке ілінген шетелдік ұсталды.
Ауыр жүк көлігін тексеру барысында «Cola» сусынында еріген 90 литрден астам есірткі табылып, тәркіленді. Сараптамамен сұйықтықтың құрамындағы тыйым салынған заттардың концентрациясы 80% - дан асатыны анықталды.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

0
0
288