Мазмұнға өту
Қылмыс пен жаза
127 жазбалар3 тіркелуші

Іздеуде жүрген екі күдікті Түркиядан қайтарылды

Алматы қаласының прокурорлары іздеуде жүрген екі қылмыскерді Түркиядан қайтарып алды.

Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еріктерімен қайтарған. Қашқындар Түркия Республикасының аумағында 5 жылдан астам тергеу органдарынан жасырынған. 28 наурызда қала әуежайында оларға қатысты процестік ұстау жүргізілді. Екі күдікті уақытша ұстау қапасына қамалды.

https://t.me/GenPr

0
0
294

«Мен қылмыс жасадым ба, білмеймін» - Бишімбаевпен бірге айыпталушы

Бүгін бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевпен бірге сотталып жатқан Бақытжан Байжанов та судьяның сұрақтарына жауап берді.

«Құрметті сот, бейнежазбаны өшіріп тастауды, Салтанаттың телефонын үйіне апаруды сұрағаным рас. Қылмыс жасадым ба, білмеймін. Ол кезде мен Салтанаттың өлгелі жатқанын немесе өлгенін білген жоқпын. Қылмыс жасадым ба, білмеймін», – деді ол.

Бишімбаевқа туыс болып келетін Бақытжан Байжанов Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айыпталуда. Олар – аса ауыр қылмысты жасыру және ол туралы хабарламау.

Айта кетейік, Байжанов – қанды оқиға болған «Гастроорталықтың» директоры.

0
0
352

Жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын контрабандалық темекі өнімдері анықталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қазақ-қырғыз шекарасында контрабандалық жүкті тасымалдаудың жолын кесті.

2024 жылғы 23 наурызда «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті алдын ала бағалау құны 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдерінің ірі партиясын анықтады. Аталған тауар азық-түлік түрінде тасымалданып, ілеспе құжаттары болмаған. Ұсталған жүк тергелуі бойынша әрі қарай іс жүргізу үшін Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды. ҰҚК баспасөз қызметі

0
0
214

Қостанай облысында 2 тұрғын криптовалюта арқылы заңсыз 1 млн 350 мың доллар тапқан

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті криптовалютаның заңсыз айналымын іске асырған екі азаматқа қатысты сотқа дейінгі іс қозғады.2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай қаласында криптовалюта платформасында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымын жүзеге асырған, аса ірі көлемде кіріс алумен байланысты аталған тұлғалардың заңсыз кәсіпкерлік әрекеттерінің жолы кесілді. Клиенттерді енгізу және тарту үшін олар криптовалюта алмасу веб-сайтын жасады, ол арқылы кез келген адам криптовалюта айырбастауына өтініш бере алады. Аталған тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту нәтижесінде заңсыз әрекетті растайтын заттар: жүйелік блоктар, ноутбуктер, криптовалюта биржаларының қосымшалары бар ұялы телефондар, криптовалюта айырбастау пунктінің сайты, сондай-ақ логин…

0
0
263
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз