Алматы әуежайында шетелдік азамат жалған төлқұжатпен ұсталды
2024 жылғы 4 сәуірде Алматы қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері паспорттық бақылау жүргізу кезінде Бразилия азаматының жалған төлқұжатын ұсынған шетелдікті ұстады.
Бұл адамды жеке тінту кезінде аяқ киімнің табанына жасырылған жалған төлқұжат табылды және алынды.
Содан кейін шетелдік азамат депортацияланды.
ҰҚК баспасөз қызметі
