Мазмұнға өту
Дөңгеленген дүние
57 жазбалар3 тіркелуші

Әзербайжан мен Арменияның СІМ басшылары келіссөз өткізу үшін Алматыға келді

Әзербайжан мен Арменияның Сыртқы істер министрлері Жейхун Байрамов пен Арарат Мирзоян келіссөз жүргізу үшін Алматыдағы Достық үйіне келді.

undefined

"Жейхун Байрамов пен Арарат Мирзоянды Қазақстан СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу қарсы алды. Олар кейінірек ақпарат құралдарына арнап мәлімдеме жасайды. Дәл осы ғимаратта 1991 жылы Алматы декларациясына қол қойылған", - деп жазады t.me/sputnikKZ.
Біз бұрын Қазақстан Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөз үшін өз алаңын ұсынуға әзір екенін, бірақ Астана оларға араағайындық жасамайтынын хабарлағанбыз.

1
0
472

Путин XXI ғасырдың аяғына дейін өмір сүре ме?

Кеше Ресей президентінің инаугурациясы өтті. Ал президент сайлауы бұл елде биыл 15-17 наурыз аралығында (үш күн бойы!) болған еді.

undefined

Сол кешегі инаугурациядан кейін Путинге діни жоралғы жасаған Орыс православ шіркеуінің басшысы, Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кирилл оған ғасыр соңына дейін президент болып қалуды тіледі.

«Біз «ғасыр аяқталғанша» дейміз ғой. Батыл түрде айтайын, Құдай қалап, ғасыр соңы сіздің билікте болуыңыздың соңын білдірсін. Сізде отанға деген ұлы қызметті ұзақ және жемісті атқаруға керек нәрсенің бәрі бар», – деді патриарх.

Қазір дүние жүзі осы сөзді түсінбей дал болып отыр. Біз де ұқпай қалдық. Сонда Путин ғасыр соңына дейін өмір сүретін болғаны ма?  

0
0
446

Ресей Нигердегі америкалық базаны басып алды

Ресей мен АҚШ әскері Нигердегі бір базада тоғысып қалды. Вашингтон әскерилердің әртүрлі ангарларда тұратынын, бір-бірімен қиылыспайтынын мәлімдеді.Фото: AFPРесей әскерилері америкалық әскер орналасқан Нигердегі базаны басып алды, деп жазды Reuters агенттігі Пентагонның жоғары лауазымды өкіліне сілтеме жасап. Мұны кейін АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин де растады.Ақпарат көзінің дерегінше, ресейліктер америкалықтармен араласпайды, олардың әскери техникаларына қол жеткізе алмайды және Нигер астанасы Ниамейдегі Амани Диори халықаралық әуежайының жанында орналасқан 101 әуе базасында жеке ангарды пайдалануда. CNN телеарнасының мәлімдеуінше, ресейлік әскерилерілердің Ниамей маңында жүргеніне бірнеше апта болды.Бұған дейін елдегі билікті басып алған әскери хунта Вашингтоннан елден мыңға жу…

0
0
464

Қырғызстанда жүк көлігінің жүріп кетуінен зардап шеккендер саны өсіп жатыр

Қырғызстанда көлік қағып, зардап шеккен адам саны 32-ге жетті.
undefined
Олардың ішінде бір мұғалім де бар. Үш бала ауыр халде жатыр. Мұны осы елдің ішкі істер министрлігі хабарлады. Созақ ауданында «Манас» эпосын айтуға арналған шара кезінде болған оқиғаға байланысты 48 жастағы жүргізуші тұтқындалды.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, ол биік жерге қойып кеткен машина төмен қарай жүріп кетіп, бір топ адамды қаққан. Олардың дені - бала.

Бұл оқиға туралы кеше хабарладық.

0
0
467

Жүк көлігі 29 баланы басып өтті (видео)

Қырғызстанда балмұздағы бар жүк көлігі 29 оқушыны басып өтті. Жеті адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Сұмдық оқиға мәдени іс-шара кезінде болған. Бұл кезде оқушылар «Манас» жырынан үзінді оқып жатқан еді.

Машина жоғарыға қойылған. Сосын ол өз-өзінен жүріп кетіпті. Қазір осы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

0
0
536

Қытайда автомагистраль опырылып, 19 адам қаза тапты

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында сұмдық жол апаты болды. Көліктер қатты жылдамдықпен жүретін үлкен автомагистраль опырылып түскен.

undefined

Соның салдарынан 18 автокөлік аударылып қалды. 19 адам қаза тауып, 30 адам зардап шеккен.

Қайғылы оқиға жергілікті уақытпен бүгін түнгі сағат 2-лер шамасында болған. Опырылған жердің аумағы - 184 шаршы метр.

0
0
394

Грузияда «шет ел тыңшыларына» қатысты заң жобасына жаппай наразылық болып жатыр

Тбилисиде Грузия парламентінің алдында «шет ел тыңшыларына» қатысты заң жобасына наразылық шарасы өтті. Ал полиция мен арнайы жасақ митингке жиналғандарды ол жерден қууға кірісті.

undefined

Фото: REUTERS

Депутаттар «Шет ел ықпалының ашықтығы туралы» заң жобасын кеше екінші оқылымда талқылай бастаған еді. Бірақ талқылауды аяқтай алмай, құжатты бүгін тағы қарайтын болды.

Елдің Ішкі істер министрлігі наразылық шарасына қатысушыларды ғимарат алдын босатуға шақырған. Содан кейін полиция оларды қуып, ұстауды бастады. Наразы топқа бұрышталған газ шашты.  

0
0
383

АҚШ-та торнадо әлі тоқтамай тұр

АҚШ-та жойқын дауыл әлі жалғасып жатыр.

undefined

Фото: әлеуметтік желіден

Торнадо Небраска, Айова, Техас және Оклахома штаттарында жүріп өткен. Осының салдарынан өткен демалыста бірнеше адам қаза тауып, ондаған адам зардап шекті. Жүздеген үй қираған.

АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметінің мәліметі бойынша, Оклахомада бір түнде бірнеше торнадо тіркелген.

Жойқын дауыл шегіне осы аптада жетеді делініп отыр.

Биыл бүкіл әлем табиғаттың тосын мінезінен ерекше зардап шегіп жатқан тәрізді.

0
0
288

"Біз ешқайда кетпейміз". TikTok басшылығы желіге тыйым салғалы жатқан АҚШ билігімен соттасатын болды

АҚШ Сенаты қоғамда қызу талқыланған TikTok туралы шулы заңды қабылдап, оған Президент Джо Байден қол қойды. 24KZ телеарнасыңы хабарлауынша, аталған құжатқа сай желі иесі қытайлық ByteDance компаниясы 9 ай ішінде қосымшаның америкалық үлесін сатуы тиіс. Олай жасамаған жағдайда желіге тыйым салынады.  АҚШ Конгрессінің TikTok-қа қатысты заңды қабылдауына танымал желінің Қытай билігімен байланысы ықпал еткен. Заң шығарушылар да, қауіпсіздік жөніндегі сарапшылар да Қытай үкіметі қосымша арқылы америкалықтардың құпия деректеріне қол жеткізіп, үгіт-насихат жүргізуі мүмкін деп қауіптенеді. Ал TikTok басшысы Шоу Зи Чу ресми Вашингтонның бұл шешімімен келіспейтіні туралы бейнеролик жариялады. "Бұл заң 170 миллион америкалықты TikTok-тан айырады. Ол қосымшаға ғана емес, сіздің дауысыңызға да ты…

0
0
269

Бразилиялық әйел өлген ағасының денесін банкке әкеліп, оның атынан несие алмақ болған (видео)

Бразилия тұрғыны Эрика де Соуза Виейра Нуньес несие алу үшін банкке қайтыс болған ағасының денесін әкелген.Оқиға Рио-де-Жанейроның батыс бөлігіндегі банкте болыпты. Бұл әйел қаржы ұйымына көз жұмған туысқан ағасының денесін мүгедектер арбасына салып алып кірген. Сөйтіп, ол 3 мың еуро несие алғысы келді.Әйел банк қызметкерімен сөйлескенде туысын тірі етіп көрсетуге тырысады. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода ол марқұммен сөйлесуге талпынып, қисайған басын ұстап тұрып, қол қоюға икемдейді.Сосын бұл жайтқа банктің басқа қызметкерлері назар аударып, полицияны шақырады. Сөйтіп, алаяқ ұсталды.Полиция бөлімшесінде әйел өзінің барлық уақытын сол әлжуаз туысқанын қарауға арнағанын айтқан. Полицейлер марқұм шынымен де ұсталған алаяқтың ағасы ма, жоқ па, соны анықтауда.Әйелдің өзі ұрлық, алаяқты…

0
0
486