Түркияда көпқабатты ғимарат құлап, астында адамдар қалып қойды (видео)
Бүгін Стамбұлда төрт қабатты ғимарат опырылып құлады. Бір адамның қаза тапқаны туралы айтылуда.

Кючюкчекмедже ауданында орналасқан бұл ғимараттың бірінші қабатында дүкен болған. Ал үстіңгі қабаттары тұрғын пәтерлер еді.
Үйінділердің астынан құтқарылған Қорқыт Йылмаздың айтуынша, онымен бірге 7-8 адам болыпты.
Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
