Мазмұнға өту
Обложка сообщества Дөңгеленген дүние

Қырғызстанда қазақстандық олигархқа қатысты қылмыстық іс қалай жүргізіліп жатыр?

Kazakhmys Holding-тің топ-менеджері Владимир Жұманбаев осы айдың басында Қырғызстан құқық қорғау органдарының назарына іліккен еді. Ол қылмыс әлемінің серкесі Асанбектің (Қамшы Көлбаевтың) ҰҚТ-ын қаржыландырды делінді.

undefined

Кейін Kazakhmys Holding өкілдері Жұманбаевтың қылмыстық құрылымдармен байланысы жоқ екенін мәлімдеді. Олар басшысының еңбек демалысына кеткенін айтты.

Енді Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) баспасөз қызметі қазақстандық кәсіпкердің аталмыш ұйымдасқан қылмыстық топты (ҰҚТ) қаржыландыру дерегі бойынша қозғалған істің тоқтатылғанын хабарлап отыр.    

«ҰҚМК Владимир Жұманбаевтың кеше Қырғызстанға келгенін растайды. Ол жедел тергеу шараларына қатысты. Соның нәтижесінде олигархтың Көлбаев ҰҚТ-на қатысы жоқ екенін анықталды», – делінген ресми хабарламада.

0
0
362

Осы тақырып бойынша