Перейти к содержимому
QazAgym
QazAgym

QazAgym

599 постов50 подписчиков

Әр қазағым — жалғызым!

Автограф

Көрер едің,

Шаламын ба, отпын ба,

Білер едің,

Ақынмын ба, жоқпын ба?...

Кектендірген хан Жәңгір де жок, мұнда,

Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.

Түсінер ең,

Езбін бе, әлде ермін бе,

Байқар едің,

Артықпын ба, кеммін бе?..

Мен Спартак бола алмадым, не шара,

Сенің өзің Цезарь болып көрдің бе?!

Сырым да - осы,

Жырым да - осы,

Алдыңда?

Байқашы бір,

Бықсыдым ба, жандым ба?

- Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты -

Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

0
0
414

Жалын

Өтудесің, өтесің замандарым, Құпиям көп ұқпаған, түсінбеген. Әкем менің жек көрген адамдарын "Жалыны жоқ сорлы" деп мүсіркеген. Алдан іңкәр үміттің жолын көрем, Жолын көрем, Жанымнан жалын көрем. Мүсіркетпе тағдырым мені ешкімге, Мүсіркеген адамның қолында өлем. Ғасырына он берген, Ерлер аз бап шапағатын ел көрген, Жас шағында-ақ заманының заңғар ойын меңгерген. Керісінше, сақал-шашын күнге ағартқан қарттар бар, Жасы жүзге келгенмен. Даңқы шырқау ел рухын айқындайтын деңгейдің, Жас кезінде жалыны жоқ жігіттің, Жас кезінде дарыны жоқ жігіттің Ертең ерлік жасарына сенбеймін. Иә, жастық тақ бола алмайды ешқашанда жарлы ұғым, Аяу керек Жастық отын ерте өшіріп алғандардың барлығын!

0
0
454

Абысындар

Бірінің жары өлген де,

Бірінің жары хабарсыз.

Сұрапыл басқа төнгенде,

Кетіпті қара қағазсыз.

(Ажалға берген шығыны)

Бір аяқ, бір қол жоғалған.

Кеудеде тірі шыбыны,

Бірінің жары оралған.

Жалғанда тірлік, тұрмысың

Бірінің жары дін аман.

Көргенде жесір құрбысын,

Жесірден бетер жылаған.

Бірінің сыры біріне

Белгілі, бәрі тым қанық.

Өткізген жастық күніне,

Күніне қайтар бір барып.

Сырларын бүгіп ішіне,

Сыр мінез, тату абысын,

Сездірмей тірі кісіге,

Сақтап жүр әйел намысын...

0
0
573

Данбар саны

Адам өмірінің белгілі бір бөлігінде орташа 150, максимум 230 адаммен жақсы әлеуметтік байланыс құра алады деген. Ол достық болуы мүмкін, ол махаббат болуы мүмкін, ол дұшпандық болуы да мүмкін. Бұл саннан ары асса, сіздің әр адамға бөлер көңіліңіз суиды, қуатыңыз сарқылады дейді-мыс. Егер бұл әскер я компания болса, 150-ден адам саны асса, екіге бөліну керек дейді...Осы ұғымға аты берілген антрополог Робин Данбар ықылым замандағы ауыл, қоныстардағы адам санын есептемей ме... Сонда ежелгі ауылдардағы адам саны максимум 150-ден аспаған екен. Енді дәл осылай болмаған шығар, бірақ "ағылшын ғалымдары" Данбардың айтқанының бәріне дәлел таба берген ғой) Тіпті Швецияның салық қызметін де осы Данбар санына сай қайта өзгерткен дейді.Айтайын дегенім, әлеуметтік желіде де өзіндік Данбар саны бар. Сізд…

0
0
620

М-ДА, САХНА КИЕСІ ДЕҢДЕР...

Алқаш әкеден туса да, кедей отбасыдан шықса да, әлемге абыройлы болғанына ырза болса керек, 2008 жылдан бері 22 ақпанда халық боп «Рианна күнін» тойлайды. Оның туған күнінен кейінгі екінші күнді алған ғой, тойлағанда кәдімгідей көшені толтырып, әніне билеп, суретін алып шығып дегендей. Не деген құрмет деймін...Мадонна деген әнші бар. Қартайса да, тақымы босар емес. Соның 1990 жылы концертіне Жан Поль Готье тігіп берген конус пішіндес төстартқышпен шығуының феминизмге ықпалын ғалымдар әлі зерттеп келеді. Не деген ықпал деймін.. Мүсілім Магомаев деген әнші өткен. Кеңестер Одағында, өткен ғасырдың 60-80 жылдары оның атақ-дәрежесіне маңайлай алатын ешкім болмаған. Бір жолы концерті стадионда болады да, Магомаевты алып кету үшін қара «Волганы» жақындатып қояды. Қыз-келіншектер бұл көлікке қазі…

0
0
568

BMW

Мысалы, кез-келген BMW көліктің артқы есігінің иілімі. Оның аты бар - "Хофмайстер иілімі". 1961 жылдан бері шығып келе жатқан әрбір жабық кузовтағы "бэха" бұл дәстүрден айныған емес. Әлемдегі басқа ешқандай көліктің артқы есігінің иілімі мұндай атқа және тарихқа ие емес..

1933 жылдан бері дәстүрге айналып кеткен радиатор торшасының "танауы", 1960-шы жылдардың ортасынан бері әйгілі болған қосарланған фарлар (angel eyes), 2000-шы жылдардан бері кузовтың үстіне антеннаны акуланың арқа қанаты секілді стильдеу ше? Общым, брэнд пен жай тауар маркасының айырмасы осындай "ұсақ-түйектерден" тұрады.

Ақпарат көзі

0
0
381

Сары аптобыз (2)

Дәмі тіл үйіреді. Ербол жемеді. Ішім ауырып жүрер деп қауіптенді ме, әлде ақыр жылына бір жегесін піскен алма жейін деді ме екен: - пісіріп бірақ жеймін,-деді. Оны қайтіп пісірмек болды дейсіз ғой. Биік теректің басына өрмелеп шықты да қолындағы алманы кендір жіппен күн жақсы түсетін бір бұтағына байлап қойды. Алма піссе теректе тұрып піседі да енді. Піскенге дейін күтемін деді. Бізге қатаң ескертті. - Сендерден басқа ешкім көрген жоқ, осыдан алма жоғалса екеуің жауап бересің,-деді. Біз келісім бердік. Оның үстіне ол құсап теректің ұшар басына шығатындай батырлығымыз да жоқ. Үш-төрт күнде, ұзаса он күнде пісіп қалар дедік. Бірақ оған дейін шыдау деген сұмдық қой. Ақыр соңы не болды деңіз. Он күн қайтіп шыдар екен деп Ерболдың төзіміне бола бас ауыртқанымыз бекер екен. Ертесі күні-ақ тағды…

1
0
523

Сары аптобыз (1)

Аудан орталығынан. Екілерде қайтадан тартып отыратын. Тағы да сол аудан орталығына. Одан кейін бес пен алтының ортасында соңғы айналымын жасап тынатын. О заманда әркімнің тақымында бір-бір машинатын болмайтын. Алматыға баратындар осы сары аптобызбен аудан орталығына баратын. Сол аудан орталығының автовокзалынан екорысқа мініп әрі қарай кететін. Келерде де солай. Бірінші сол екіорыспен аудан орталығына жететін де сол аудан орталығынан осы сары аптобыз арқылы ауылға келетін. Содан болар кімнің қашан, қайда, не үшін кеткенін елдің бәрі біліп отыратын. Қазір олай емес. Ауыл тұрғындары түннің бір уағында кете салады, таңда келе салады. Әркімнің астында жеке көлік. Кімнің не істеп жүргенін білмейсің. Ал ол кезде басқаша еді. Сары аптобыз келер уақытта орталық дүкеннің алдындағы аялдамада жүрсең…

1
0
417

Тезек теру

Тезек теруге. Мына беткейден түк табылмаса, арғы беткейге бет түзейтін. Тезек теруге. Бүгін: Маникюр, педикюры жасалған әдемі қарындас компютерін қосып, жаһанды бетке алады. Тезек теруге. Феусбуктан түк табылмаса, инстаграмға аяқ басады. Тезек теруге.

Ақпарат көзі

0
0
479

Heгe жыламасын?!

Бәрісі де жылаған. Жылай жүріп, жылай жүріп шыдаған. Түнек болып келе жатқан тажалға, Аттануда, аттануда тірі адам. Жылап жатыр. Өбісуде еріндер, Жыламаған жалғыз ғана кебір - жер. Жылап жатыр үйленбеген күйеулер, Жылап жатыр үйге енбеген келіндер. Боздақтарын аттандырған шақтарда, Боздап еді-ау, боркемік боп қарттар да. ...Бір орманның бір түп өндір шыбығын Тиеп алып, күнбатысқа тартты арба. - Ал енді сен азаматсың! - деп маған, Арбасына отырды да кетті ағам. Тағы да бір қайрылмас па екен деп, Тозаңдатқан қара жолды бетке алам. Қайрылмады. Олар ұзап барады. Ән естілді. Әлдиледі даланы. Қарап тұрмын. Құйын болып ағады Қара жолмен Көршіміздің Жанары. (Талай рет хат апарып бергем-ді) Тани кеттім үйге енбеген жеңгемді. Қайсар қыздың қайсарлығын ел көрді, Қайсар қыздың қылығына ел көнді. Қайр…

0
0
590