Данбар саны
Адам өмірінің белгілі бір бөлігінде орташа 150, максимум 230 адаммен жақсы әлеуметтік байланыс құра алады деген. Ол достық болуы мүмкін, ол махаббат болуы мүмкін, ол дұшпандық болуы да мүмкін. Бұл саннан ары асса, сіздің әр адамға бөлер көңіліңіз суиды, қуатыңыз сарқылады дейді-мыс. Егер бұл әскер я компания болса, 150-ден адам саны асса, екіге бөліну керек дейді...
Осы ұғымға аты берілген антрополог Робин Данбар ықылым замандағы ауыл, қоныстардағы адам санын есептемей ме... Сонда ежелгі ауылдардағы адам саны максимум 150-ден аспаған екен. Енді дәл осылай болмаған шығар, бірақ "ағылшын ғалымдары" Данбардың айтқанының бәріне дәлел таба берген ғой) Тіпті Швецияның салық қызметін де осы Данбар санына сай қайта өзгерткен дейді.
Айтайын дегенім, әлеуметтік желіде де өзіндік Данбар саны бар. Сізде 5000 досыңыз болса да, ары кетсе, 150-імен орташа, ал 20-сымен мықты байланысасыз дейді жаңа заман зерттеушілері. Осы және өзге де сұрақтар жайлы "Асыл арнаның" эфиріне арнап былтыр Мұхтар Ниязов (Muhtar Niyazov)-қа сұхбат берген едім.
Толық нұсқасы мында жатыр -https://www.youtube.com/watch?v=OsLr8FzwwcA
Ақпарат көзі
