Перейти к содержимому
QazAgym
QazAgym

QazAgym

600 постов50 подписчиков

Әр қазағым — жалғызым!

Алматы Марафоны 2018

 Алматы Марафоны – бұл жылсайынғы жүгіру жарысы және Орталық Азиядағы ең ауқымды спорт шарасы. 

 Өткізілу күні: 22 сәуір 2018 жылы. 

Сөрелік жарна:

Марафон (42км 195м): 5000 тенге

Жартылай марафон (21км 97.5м) 4000 тенге

Серікпен жүгіру (10км) 4000 тенге

Скандинав жүрісі (10км) 4000 тенге

Балалар жүгіруі (3км): 3000 тенге

Қашықтықтар:

Марафон (42км 195м) 18 жастан үлкен қатысушыларға арналған;
Жартылай марафон (21км 97.5м) 18 жастан үлкен қатысушыларға арналған;
Серікпен жүгіру (10км) 15 жастан үлкен қатысушыларға арналған;
Скандинав жүрісі (10км) 15 жастан үлкен қатысушыларға арналған;
Балалар жүгіруі (3км) 10 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған;
Корпоративтік эстафета Экиден (42км 195м) 16 жастан үлкен 6 қатысушыларға арналған.   Басталу уақыты:
08:00 - Марафон (42км 195м)
08:05 - Экиден (42км 195м) 08:10 - Жартылай марафон (21км 97.5м)
08:15 - Серікпен жүгіру (10км)
08:25 - Скандинав жүрісі (10км)
Сөре: шараның өтетін орны кейінірек жазылады   

Корпоративтік эстафета Экиден (42км 195м): 120,000 тенге

Тіркелу: https://www.almaty-marathon.kz/kk/events/almatymarathon2018/reg/

Марафон жайлы кейбір мәліметтер

1. 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді;

2. Жыл сайын сәуір айының соңғы жексенбісінде өткізіледі;

3. 2013 жылдан бастап  AIMS халықаралық ассоциациясының құрамына кіреді;

4. Жарысқа 10 жастан бастап қатысуға болады;

5.  Қашықтықты өтудің лимиті:

 42 шақырым 195 м қашықтықты өтудің уақыт лимиті – 6 сағат 00 минут

21 шақырым қашықтықты өтудің уақыт лимиті – 3 сағат 00 минут

10 шақырым қашықтықты өтудің уақыт лимиті – 2 сағат 00 минут

Скандинавиялық жүріс қашықтықты өтудің уақыт лимиті – 2 сағат 00 минут

3 шақырым қашықтықты өтудің уақыт лимиті – 00 сағат 40 минут

Ақпарат көзі

2
0
1242

Үлкен жарылыс теориясы

***

Мен керемет шағымданушымын. Егер шағымдану олимпиадалық спорт түрі болса, мен ол ақымақ ойын түрі деп, алтын алушы едім (Шелдон Купер).

***

- Жарайды, мен тырысып көрдім.

- "Жарайды, мен тырысып көрдім" - сенің өмірбаяның үшін керемет тақырып (Шелдон Купер). 

***

- Маған сенің адамдармен ешқашан ұрыспайтының ұнайды!

- Себебі адамдарды ұрыс сөздерін қолданбай-ақ қорлауға болады (Шелдон Купер). 

***

Менің жалғыздық қамалыма қош келдіңдер. Бұл жаққа өзімнің басқа жалғыздығымнан қашқанда келемін ( Оливер Лорвис). 

***

Контейнерлер дүкенінде не сатылмайтынын білесіңдер ме? Менің қалған көңілім (разочарование) сыятын ыдыс(Шелдон Купер).

***

- Шелдон, сенің біздің үйлену тойымызға сыйлық алғаныңа сене алар емепін!

- Сенің не үшін таң қалып тұрғаныңды түсінбедім. Мен фильмдер қараймын ғой, және адамдардың мұндай кезде не істейтінін білемін (Шелдон Купер). 

***

Біз сауалнама жүргіздік. Үшеуіміз ұшаққа дауыс бердік. Шелдон пойызға дауыс берді, сондықтан біз пойызбен барамыз.

3
0
2639

ЖАС КЕЛІН

Жаңа түскен жас келін,
Кемпірлерге ас келін.
Орамал-шаршы бермесе,
Абұйырсыз тас келін.
Алғанға қабақ шытпаса,
Сонда болар бас келін.
Жаңа түскен келіншек
Болмайды тіпті еріншек.
Құдайдың берген тоқтығы –
Ас болады ірімшік.
Жас келіншек – тоқ қонақ,
Болмайды тіпті сұғанақ.
Арып-талып жүрсе де,
Ойлайтыны жақсы атақ.
Бұрқыраған дауылда,
Сабап құйған жауында,
Ләм деп бір сөз шығармай,
Жас келін жүрер сауында.
Бірін-бірі іздескен,
Қараңғыда көздескен,
«Басым жерге кіргенше,
Жаным – сен!» деп сөздескен.

Жас келіннің күйеуі –

Мұңын ашар сүйеуі.

0
0
1557

ЖАЗҒЫ ТАҢ

Жып-жылы түн маужырап,
Көтерілген жерден бу.
Саф күмістей жалтырап
Тыныш жатқан тұнық су.
Көкке тиген биік тау
Құшақтасқан тұманмен,
Қосылысып есен-сау,
Бал алысқан құмармен.
Ақырын ескен жылы жел
Маужыратып, тербетіп,
Таң атсын деп жайнап гүл –
Өсіп балам ер жетіп.
Шырылдап торғай аспанда,
Бытпылдығы ән қосып,
Шала-жансар жатқанда
Табиғатқа жан қосып,
Таң алдында жалбарып,
Тәңіріге құлдық қылғаны,
Ісіне оның таңданып,
Көңілі хаққа сынғаны.
Міне, алтын таң атты
Күншығыстан ағарып.
Көтеріп зұлмат қанатты,
Жер де кетті жаңарып.

Таң, Күн деген – жер жаны,

Бұл екеуінсіз жоқ сәні.

Оқу-білім – ер жаны,

Жараспас ерге құр жаны.

0
0
1388

ЛӘЗЗАТ ҚАЙДА

Бұл жарыққа шыққан соң,
Іздейді көңілім күн-түні
Қайдасың ләззат, рақат деп,
Таппады сал боп еш мұны.
Ойында ма бос өткен?
Қайғыланған ойда ма?
Жүйрік тазы, сұлу мен,
Қызойнақ иә тойда ма?

Байлықта ма, беклікте
Бетіне шірігі шықпаған:
Ас, ат беріп, жұрт аузын
Алып, оған ықтаған?
Ләззатты іздеп, көңілім
Аласұрған шарқ ұрып.
Біреуін де осы деп,
Қалмай жүрген бір торып.
Баяулады жалғыз-ақ,
Мінеки деп тұрақтап.
Ләззаттанып сөзіне,
Қолына кітап, Құранды ап.
Айтар сөзім ендігі
Аласұрған көңілге:
Оқу оқы, өнер қу,
Басқалардан түңіл де!
Жұрттың қамын көп ойла,
Уайым-қайғы жеп ойла!
Артта қалған сорлы жұрт
Алға бассын деп ойла.

0
0
933

Осындай жастар барда ...

Өзімізше ақша үнемдеп жүрміз. Олар өздерінше қонақ күтіп жүр.  Жалдамалы пәтер. Қазақстанның төрт тарапынан келген 5 жігіт. Шайға  отырдық. Алдымен жастарын сұрап алдық - уылжып тұр. Ағалығымызға басып,  құлақтарын бұрап қойып, әңгіме айтқымыз келіп тұр ғой әлгі жерде. Типа  "Аталарымыз біздің ше, шалбар ойлап шығарған" дегендей)

 Енді әңгімеге кіріскелі жатқанда, арасындағы бір жігіт былай деп қалды:  "Қызық болсын деп айтайын. Осы кездейсоқ отырған бесеуіміз де кемі алты  тіл біледі екенбіз. Қазақ, орыс, түрік, ағылшын, қытай - само с собой,  одан бөлек біреуімізде араб, біреуімізде испан дегендей". Сөйтті деп  шайын ұрттап жіберді. Оллахи, әдейі айтқан жоқ. Біздің екі жарым тілді  екенімізге нұқыған жоқ деймін. Түсіндік - жым болдық) Содан оларды таң  атқанша сөйлетіп қойдық қой....

Осындай жастар барда Қазақстанның  болашағы бар деп білемін. Ал олардың болашағы Елбасының "Болашағы" мен  басқа да халықаралық оқыту бағдарламаларымен баянды боп тұрғандай. Осы  және өзге де жайтты Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Zhanbolat Meldeshov  Форбсқа берген сұхбатында жақсы айтыпты. Оқып шықсаңыздар болады.  Шетелдің оқуында біз қызығатын не бар? Қызық болғанда, сонда оқып, қалып  қоятындар жайлы мүлдем басқа екен. Осы орталықтың бес бағыты қандай?  Неге Жанболат Малайзиядағы британ дипломымен білім беретін  университеттер бізде де болса дейді? Сұхбаттан түйгенім - білімге деген  ынта жақсы жастарда. Мысалы, Венгрия беретін 200 білім грантына биыл  мыңның үстінде өтініш түсіпті. Франция тіптен тегін таратады дейді.  Қайтсем екен?

https://forbes.kz/…/janbolat_meldeshov_zarubejnyie_vuzyi_s…/

Ақпарат көзі

0
0
826

Qyz alyp qashqany úshin 12 jyl túrmede otyrýy múmkin

Qorǵaýshy Asel Toqaeva qalyńdyq urlaýdy adam urlaýmen teńestirmeýdi surady. 

"Qazaqstan advokattar" tobynyń zańgeri Rýslan Shaǵataev óz áriptesterine joldaǵan sózinde, onyń klıentiniń  Qazaqstan Respýblıkasy Qylmystyq kodeksiniń 125-baby 2-bólimi, 1, 3-tarmaqtary (aldyn ala josparmen top bolyp adam urlaý ) boıynsha aıyptalyp jatqanyn aıtty. 

"Meniń qorǵalýshym jaýapsyz mahabbattan óziniń súıiktisin joǵaltýǵa qorqyp, ony qazaqtyń dástúri boıynsha alyp qashýǵa bel býady, qyzdy úıine alyp kelip, ata-anasymen tanystyryp, óziniń jary etkisi keledi. Dosynan kómek suraıdy, dosy taǵy úsh dosyn shaqyrady. Osylaısha, sońǵy tórteýi qyzdy jumys ornynan alyp qashyp, jigittiń úıine alyp keledi. Al 40 mınýttan keıin polısia keledi. Alyp qashý kezinde eshqandaı kúsh qoldaný bolmaǵan. Úıde jábirlenýshi jigitke bas salyp, betinen ura bastaǵan. Jigit óz kezeginde, qyzdy sabasyna túsirý maqsatymen, betinen shapalaqpen bir ret uryp jibergen, qyzdyń betinde azdaǵan izi qalǵan. Basqa kúsh qoldaný belgileri joq.  Qyz aýrýhanaǵa medısınalyq kómek alýǵa júginbegen",-dep jazdy Shagataev.

Onyń aıtýynsha, aıyptalýshylar kinálaryn moıyndaǵan. Alaıda, qyz ákesiniń yqpalymen olardy keshirmeı, sottan olardy jazalaýdy suraıdy.Aıyptalýshylar 5 jyldan 12 jylǵa deıin bas bostandyǵynan aıyrylýy múmkin. 

Jarialanymǵa jaýap retinde, Astana advokattar alqasynyń múshesi Asel Toqaeva, qalyńdyqtyń urlanýyna baılanysty sebepterdi eskerý kerek ekendigin aıtty.

"Erli-zaıyptylyq qatynastar ornatý maqsatynda jeke adamdy urlaý týraly usynys engizý kerek, jáne jazalaýdy da basqasha júzege asyrý kerek, óıtkeni basqa maqsattar úshin naqty urlaýmen úılený maqsatynda alyp qashýdy salystyrý múmkin emes", - deıdi ol.

Ol sondaı-aq, Shaǵataevqa is boıynsha maqala jasap, usynysyn Joǵarǵy sotqa jáne Bas prokýratýraǵa jiberýdi usyndy.

Qyzdy urlaý nemese urlaý arqyly neke qıiý - bul Kavkazda, Qyrǵyzstan, Qazaqstan, Efıopia jáne basqa da elderde kezdesetin zorlyqpen neke qıiý tájirıbesi. Sondaı-aq, ejelde qalyńdyqtyń urlanýy túrki halyqtarynyń arasynda taraldy. Álemniń kóptegen elderinde neke qıiýdyń bul túri zańdy emes, qylmys dep tanylady.

0
0
603

Таразым

- Бұл әлемге әйгілі әнші Анна Герман ("Надежда - мой компас земной",  "Эхо любви", "Гори, гори моя звезда") үш жыл тұрған қала. Жақсы көретін  әншім.
- Бұл Ленинге үш рет оқ атып, жаралаған  Фанни Капланның  әпкесі Фая Каплан жер аударылған жер. Ол осында газировка сатқан, кейін  үйінде біреу Ленин үшін кек қайтардым деп өлтіріп кетеді.
- Бұл Sayasat Nurbek  ағам айтқандай, әлемдегі ең алғашқы сауда биржаларының бірі пайда  болған қала. Вексель, фьючерс секілді ірі түсініктердің іргесі осында  қалана бастаған деген еді.
- Бұл Қазақстандағы ең көне мешіттің орны табылған қала. Иә, бұл Ислам дінін қабылдаған ең бірінші қала еліміздегі.
- Бұл бір емес, үш үлкен түрме тұрған уникальный қала. Үш химия зауыты бар. Және 300-дей тойханасы және бар)
 - Бұл бабаларымыздың арабтармен бірлесіп, қытайлардың бетін қайтарған  әйгілі Атлах шайқасы болған жер. Осы шайқаста мұсылмандар қытайлардан  қағаз жасау технологиясын біліп алып, басқа әлемге таратты дейді.
- Фирдауси, Рудаки, Хайям қыздарының сұлулығын жырға қосқан қала.
- Сәбет заманында ағаштардың саны бойынша Қазақ КСР-ындағы ең жасыл қала саналған.
- Виктор Цойдың "Звезда по имени Солнца" өлеңінің  алғашқы шумағы Таразға арналған деген аңыз бар.
 - Бастысы, бұл 2000 жыл бойына тіршілік оты өшпеген, қанша соғыс болса  да, қайыспаған, адамы көшпеген, қонысын өзгертпеген қала. 

Общым, осындай мәліметтер жиған едім. Бөлісем десеңіздер, мархабат!

Ақпарат көзі

0
0
929

Томирис

Бесінші сыныпта таласа оқыған Томирис патшайымның ойымдағы образын  дәл мына бейнеден көргендеймін ше.. Тура сол! Әдемі әрі сұсты!

 Тарихи фильмге кейіпкер таңдаудың қандай қиын екенін түсінесіздер,  өткенде "Баян Сұлуды" сұлу емес деп шуладық. Себебі, әркім Баян Сұлуды  оқығанда я естігенде, оны өз қиялындағы сұлудың образымен сомдап  алғанбыз. Әсіресе, біз секілді бертінгі  ұрпақ. Ал қазақы сұлулық, әдемілік дегеннің стандартын қазір өзіміз  сипаттап бере алмаймыз. Миымыздағы образдар мидай араласып кеткен.. 

 Сәбет заманында біздің талғам черно-белый Людмила Чурсинадан бастап  "Миминодағы" Лариса Ивановна, "Ирония судьбыдағы" Надя, "Амфибия  адамдағы" Анастасия Вертинская, Шуриктің қызы Наталья Варлей,  "Гардемарины, впередтегі" Татьяна Лютаеваға дейін ауысты. Бұған үнді  киносынан Рекха, Хема Малини, қыл аяғы Мадури, Айшварьяның образдары  келіп қосылды. Анау жақтан ентелеп Мэрилин Монро, Катрин Денев, Софи  Лорен, Бриджит Бардо, Элизабет Тейлорлар тұрды. 90-шы жылдарда тіптен  әлемтапырық басталды. Белуччи, Марсо басып кірді санамызға. Осының  ара-арасында өзіміздің Өтекешова, Нығматуллиналар сығалап қалды. Енді өз  санаңыздағы мың сан образдан бәріне ұнайтын қазақ сұлуын құрап  шығыңызшы) Мүмкін емес қой...

Сұлулық деген тек үлкен көз, оймақ  ерін емес. Ол - қылық, жүріс, күлкі және т.б.. Бұл жағынан да  стандарттарымыз сақталды дей алмаймын. Мысалы, шешен қыздарында "Лела  Хаар" деген жазылмаған стандарты бар. Кеудесін тік ұстап жүру  (статность) дейсіз бе, жүріс (походка) дейсіз бе, бәрі қамтылған. Ислам  ер адамның алдында әйелдің бөксесін ары-бері тастап, бұлтыңдап жүруіне  тиым салған. Осы тиымнан шығар деп ойлаймын, осы "Лела Хаар" бойынша  шешен, ингуш, балқар, қарашай қыздарының ер адамның алдында мықынын  қозғалтпай, бөксесін лақтырмай, аяғынан ұшымен зыр қағып жүруі  қалыптасты. Бұл Майкл Джексонның "Айжорға" биімен қатар сұмдық виузальды  көрініс. Бұл стандартты сақтау сол тау қыздарының сұлулығына плюс 1  балл қосады. 

Бізде осындай қазақ қыздарының сұлулық эталоны, әдемілік стандарттары деген қалды ма өзі? Сол ғой сұрақ...

Ақпарат көзі

0
0
914

Адалмын деп, араммын деп айта алман

Адалдықпен бірге ойладым, бір күлдім. 

Арамдықтын, кемесінде шайқалған, 

Тектек болған тайыншадай ділгірдім. 

Адалсың деп көңілімді көпсітпе, 

Адалдықты ала келгем анамнан. 

Арамсың деп өмірімді өксітпе, 

Жұмыр басты пенде болып жаралғам... 

Адалдығым, арамдығым байқалған, 

Жырым менің - сырым менің - шар айна. 

Адалмын деп, араммын деп айта алман, 

Сен сұрама, жарай ма?

0
0
620