Перейти к содержимому
Обложка сообщества QazAgym

Осындай жастар барда ...

Өзімізше ақша үнемдеп жүрміз. Олар өздерінше қонақ күтіп жүр. Жалдамалы пәтер. Қазақстанның төрт тарапынан келген 5 жігіт. Шайға отырдық. Алдымен жастарын сұрап алдық - уылжып тұр. Ағалығымызға басып, құлақтарын бұрап қойып, әңгіме айтқымыз келіп тұр ғой әлгі жерде. Типа "Аталарымыз біздің ше, шалбар ойлап шығарған" дегендей)

Енді әңгімеге кіріскелі жатқанда, арасындағы бір жігіт былай деп қалды: "Қызық болсын деп айтайын. Осы кездейсоқ отырған бесеуіміз де кемі алты тіл біледі екенбіз. Қазақ, орыс, түрік, ағылшын, қытай - само с собой, одан бөлек біреуімізде араб, біреуімізде испан дегендей". Сөйтті деп шайын ұрттап жіберді. Оллахи, әдейі айтқан жоқ. Біздің екі жарым тілді екенімізге нұқыған жоқ деймін. Түсіндік - жым болдық) Содан оларды таң атқанша сөйлетіп қойдық қой....

Осындай жастар барда Қазақстанның болашағы бар деп білемін. Ал олардың болашағы Елбасының "Болашағы" мен басқа да халықаралық оқыту бағдарламаларымен баянды боп тұрғандай. Осы және өзге де жайтты Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Zhanbolat Meldeshov Форбсқа берген сұхбатында жақсы айтыпты. Оқып шықсаңыздар болады. Шетелдің оқуында біз қызығатын не бар? Қызық болғанда, сонда оқып, қалып қоятындар жайлы мүлдем басқа екен. Осы орталықтың бес бағыты қандай? Неге Жанболат Малайзиядағы британ дипломымен білім беретін университеттер бізде де болса дейді? Сұхбаттан түйгенім - білімге деген ынта жақсы жастарда. Мысалы, Венгрия беретін 200 білім грантына биыл мыңның үстінде өтініш түсіпті. Франция тіптен тегін таратады дейді. Қайтсем екен?

https://forbes.kz/…/janbolat_meldeshov_zarubejnyie_vuzyi_s…/

Ақпарат көзі

0
0
651

Еще по теме

Осындай жастар барда ... - Yvision.kz