Перейти к содержимому
Обложка сообщества QazAgym

Таразым

- Бұл әлемге әйгілі әнші Анна Герман ("Надежда - мой компас земной", "Эхо любви", "Гори, гори моя звезда") үш жыл тұрған қала. Жақсы көретін әншім. - Бұл Ленинге үш рет оқ атып, жаралаған Фанни Капланның әпкесі Фая Каплан жер аударылған жер. Ол осында газировка сатқан, кейін үйінде біреу Ленин үшін кек қайтардым деп өлтіріп кетеді. - Бұл Sayasat Nurbek ағам айтқандай, әлемдегі ең алғашқы сауда биржаларының бірі пайда болған қала. Вексель, фьючерс секілді ірі түсініктердің іргесі осында қалана бастаған деген еді. - Бұл Қазақстандағы ең көне мешіттің орны табылған қала. Иә, бұл Ислам дінін қабылдаған ең бірінші қала еліміздегі. - Бұл бір емес, үш үлкен түрме тұрған уникальный қала. Үш химия зауыты бар. Және 300-дей тойханасы және бар) - Бұл бабаларымыздың арабтармен бірлесіп, қытайлардың бетін қайтарған әйгілі Атлах шайқасы болған жер. Осы шайқаста мұсылмандар қытайлардан қағаз жасау технологиясын біліп алып, басқа әлемге таратты дейді. - Фирдауси, Рудаки, Хайям қыздарының сұлулығын жырға қосқан қала. - Сәбет заманында ағаштардың саны бойынша Қазақ КСР-ындағы ең жасыл қала саналған. - Виктор Цойдың "Звезда по имени Солнца" өлеңінің алғашқы шумағы Таразға арналған деген аңыз бар. - Бастысы, бұл 2000 жыл бойына тіршілік оты өшпеген, қанша соғыс болса да, қайыспаған, адамы көшпеген, қонысын өзгертпеген қала.

Общым, осындай мәліметтер жиған едім. Бөлісем десеңіздер, мархабат!

Ақпарат көзі

0
0
781

Еще по теме