{"blocks":[{"key":"fmvq3","text":"Жаңа түскен жас келін,\nКемпірлерге ас келін.\nОрамал-шаршы бермесе,\nАбұйырсыз тас келін.\nАлғанға қабақ шытпаса,\nСонда болар бас келін.\nЖаңа түскен келіншек\nБолмайды тіпті еріншек.\nҚұдайдың берген тоқтығы –\nАс болады ірімшік.\nЖас келіншек – тоқ қонақ,\nБолмайды тіпті сұғанақ.\nАрып-талып жүрсе де,\nОйлайтыны жақсы атақ.\nБұрқыраған дауылда,\nСабап құйған жауында,\nЛәм деп бір сөз шығармай,\nЖас келін жүрер сауында.\nБірін-бірі іздескен,\nҚараңғыда көздескен,\n«Басым жерге кіргенше,\nЖаным – сен!» деп сөздескен.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"1jj5t","text":"Жас келіннің күйеуі –","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"87utj","text":"Мұңын ашар сүйеуі.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}}],"entityMap":{}}