«NUR OTAN» АЙМАҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ АЛАҢЫНА АЙНАЛАДЫ
Ауданның табысты дамуының кепілі – ортақ мүдделерімен біріккен азаматтардың белсенділігі болып табылады.Бізге мемлекеттік органдар мен аудан тұрғындарының өзара қарым-қатынасының мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың басты қағидаттары ашықтық, есеп берушілік және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы тиіс. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 100%-ға жеткізуге; ауданның сауда объектілерінің 65 пайызын қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшуіне; «Nur Otan» ашық талқылау және аймақ тұрғындарының мәселелерін шешу алаңына айналдыруға; төртінші деңгейлі бюджетті бөлу кезінде жергілікті қоғамдастықтың барынша назарын аударуға; аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша іс-шараларды өткізуде үкімет…