Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 10 ӨҢДЕУ КӘСІПОРЫНДАРЫН АШУ ЖОСПАРДА

Кездесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыра келе, бағдарламаның негізгі төрт басымдығына тоқталдым. Соның бірі: Әр азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндік беру. Еліміздің әрбір азаматы қандай кәсіп ашамын десе өз еркі. Ол үшін Үкіметтің бекіткен мемлекеттік бағдарламалары бар. Ал, сол бағдарламалардың орындалуын тікелей партия өз бақылауында ұстайтынын жеткізіп, ұсынылып отырған сайлауалды бағдарламада осыны көздеп отырғанын айттық.

«Nur Otan» партиясы халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын дамыту, сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін Сарыағаш ауданының артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланатын болады. 2025 жылға дейін жеке инвестициялардың есебінен жаңа 10 өңдеу кәсіпорындарын ашуға жағдай жасайды, оның ішінде: Тәулігіне 50 тонна макарон өндіретін цех ашу; 3. Қуаттылығы 4,0 мВт шағын су электростанциясының құрылысы; 4. Қуаттылығы сағатына 1000 бөтелке минералды су құю зауытын ашу.

Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. Жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 2021 жылы 3 жоба, 2022 жылы 5 жоба, 2023 жылы 7 жоба, 2024 жылы 10 жоба, 2025 жылы 12 жобаны қайтарымсыз мемлекеттік грантпен қамтуға; «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның жеңілдетілген тетіктері арқылы 2021 жылы 5 жоба, 2022 жылы 8 жоба, 2023 жылы 10 жоба, 2024 жылы 15 жоба, 2025 жылы 20 жобаны іске асыруға; «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 2021 жылы 20 жоба, 2022 жылы 25 жоба, 2023 жылы 30 жоба, 2024 жылы 35 жоба, 2025 жылы 40 жобаны несиелендіруге; Ауданның жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) көлеміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2021 жылы 50,0%-дан 2025 жылы 55,0%-ға жеткізуге ықпал етеді.

Нәтижесінде мыңнан астам жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 2,0%-ға дейін төмендейді. Жалпы өңірлік өнімде шағын және орта бизнестің үлесі 93,0%-ға дейін артады. Кездесу соңында, ұжымның ұсыныс піркірін тыңдап, алдағы саяси науқанда белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырдық.

0
0
179

Еще по теме

2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 10 ӨҢДЕУ КӘСІПОРЫНДАРЫН АШУ ЖОСПАРДА - Yvision.kz