Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ

М.Айдарқұлов тұрғындарға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары жөнінде айтып өтті. Елді мекен тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Бағдарламаның экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып, бағдарламаның бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасау туралы бағытында атқарылар жүмыстарға тоқталды. Партия алдағы бес жылға арналған жоспарын ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортпен айналысуға бағыттайтын болады. 2021 жылы Сарыағаш қаласы, «Самал» мөлтекауданындағы орталық стадионға қайта күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ұлттық спортты дамытуға (көкпар ойындары, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, еркін күрес және т.б.) ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 28%-ға, денешынықтырумен шұғылданатын азаматтарды қамту 42,0%-ға дейін ұлғаятынын жеткізді. Партиялықтар алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
123

Еще по теме

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ - Yvision.kz