Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҮМІТКЕР САЙЛАУШЫЛАРМЕН ZOOM-мен БАЙЛАНЫСТЫ

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары жөнінде айтып, алдағы науқанда белсенділік танытып, сайлаушылар тарапынан жолардың жөндеуді қажет ететіндігі туралы қойылған тиісті сұрақтарға жауап беріп, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

Жолдардың сапасын жақсартамыз

Жол – әрбір аудан өмірінің басты күретамыры. Тұрғындар үшін барлық ауылдарда сапалы жолдар мен жақсы инфрақұрылым болуы тиіс. Жалпы ауданда республикалық маңызы бар 50,4 шақырым, облыстық маңызы бар 241,9 шақырым, аудандық маңызы бар 109,9 шақырым автомобиль жолдары бар. Елді мекендердің ішкі жолдары 984,2 шақырым. «Nur Otan» партиясы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекеннің ішкі жолдарын жөндеу мәселелерін шешеді. Біздің міндетіміз – 2025 жылға жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарын 88,2%-дан (96,9 ш.қ.) 96,4%-ға (105,9 ш.қ.) дейін жеткізу. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: 2021 жылға аудандық маңызы бар «КХ-11-51 разьезд елді мекеніне кірме жол» автомобиль жолының 2,95 шақырымын күрделі жөндеу және «КХ-55 – Шайхана елді мекеніне кіреберіс» автомобиль жолдарын 0,63 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге; 2022 жылға А-15 республикалық автомобиль жолынан «Қапланбек» кеден бекетіне дейін ұзындығы 2,3 шақырым болатын жолдардың құрылыс және қайта жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу мәселесін шешуге; 2023 жылға аудандық маңызы бар «КХ-11-Дарбаза-Тасқұдық-Сарысу», автомобиль жолдарының 8,0 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын іске асыруға; 2024 жылға аудандық маңызы бар «Дарбаза-Ердәуіт» 4,0 шақырым, «Құрсай елді мекеніне кіреберіс жол» 4,6 шақырым автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге; Жалпы ауылдық округтеріне қарасты елді мекендердегі ішкі көшелерді 2021-2025 жылдары аралығында 251 көшенің 176 шақырымына (Ақжар ауылдық округі, Жылға, Береке, Құрсай ауылдары) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді. Атап айтқанда:

2021 жылға Сарыағаш ауданының 11 ауылдық округтеріне қарасты 17 елді мекендердегі 41 көшенің 28,6 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге; 2022 жылға Сарыағаш ауданының 10 ауылдық округтеріне қарасты 20 елді мекендердегі 45 көшенің 31,6 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге; 2023 жылға Сарыағаш ауданының 12 ауылдық округтеріне қарасты 25 елді мекендердегі 52 көшенің 36,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге; 2024 жылға Сарыағаш ауданының 10 ауылдық округтеріне қарасты 18 елді мекендердегі 55 көшенің 38,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге; 2025 жылға Сарыағаш ауданының 8 ауылдық округтеріне қарасты 22 елді мекендердегі 58 көшенің 41,0 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылы аудандағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 96,4%-ға дейін артады.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
236

Еще по теме

ҮМІТКЕР САЙЛАУШЫЛАРМЕН ZOOM-мен БАЙЛАНЫСТЫ - Yvision.kz