Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН-САРЫАҒАШЖАСТАРМЕН ОНЛАЙН БАЙЛАНЫС ЖҮРГІЗДІ

Эфир барысында "Nur Otan" партиясының Сарыағаш ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының бағыттарын түсіндіріліп, партия мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдады.

Жастар – мемлекеттің болашағы. Сарыағаш ауданында 50 мыңнан астам жастар бар. «Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай мемлекеттік органдармен бірлесіп, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлікке тарту, жастарды ауылдық жерлерде тұрақтандыру, жастардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамуына және әлеуетін арттыруға жағдай жасайды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 305 жас маманды ауылға тұрақтандыру үшін жағдай (тұрғын үй сатып алуға несие және көтерме жәрдемақы беру) жасауға; ауданның шаруа қожалықтары мен ұйымдары арасында меморандумдар жасау арқылы 2 мың жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге; «Жас кәсіпкер» жастардың кәсіпкерлік бастамалары бағдарламаларын іске асыруға және жастардың өз бизнестерін ашуына жыл сайын 15-тен кем емес гранттар ұсынуға; барлық ауылдық округтерде волонтерлік клубтар құру арқылы еріктілер қозғалысының дамуына;еріктілердің желісін кеңейтіп, 2900 жастардың қамтылуымен 250 іс-шара өткізуге ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,9%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.

Үміткер Қ.Иматов, бағдарламаның жастар үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
140

Еще по теме

ТҮРКІСТАН-САРЫАҒАШЖАСТАРМЕН ОНЛАЙН БАЙЛАНЫС ЖҮРГІЗДІ - Yvision.kz