ЖҰМЫС ЖАНДАНУЫ ТИІС
Жиында партияның алдын ала бағдарламасын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізді. Қызу жүріп жатқан саяси науқанда барынша белсенділік танытып, жүйелі жұмыстарды үйлестіру барша партиялықтардың міндеті.
Партия сайлаушылардың үміттерін ақтау үшін, барлық топтағы халықтың мүддесін білдіру үшін және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын болу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Барша сайлаушыларды дұрыс таңдау жасап, мәслихат сайлауында «Nur Otan» партиясын қолдауға шақыра отырып;
Біздің бағдарламамыз туған ауданды дамытуға бағытталған. Біз Түркістан облысының Сарыағаш ауданын ауыл шаруашылығы өнімдерін негізгі жеткізушілердің бірі және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сауда орталығын жасайтын нақты шараларды ұсынып отырмыз. Біз ауданның дамуы мен гүлденуі үшін барлық азаматтар мен қоғамдық бірлестіктермен пікір алмасып қызмет атқаруға және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын және ашық екенімізді мәлімдейміз. Қазіргі заманғы сын-қатерлер мен жаңа міндеттерді бірге жеңіп шығатынымызға сенімдіміз. «Nur Otan» партиясы, еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың ынтымағы, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмысын жалғастыратын болады. Біздің міндетіміз – Сарыағаш ауданының әрбір тұрғынының сенімін ақтау. Біз ауданның әрбір тұрғыны қолайлы өмір сүруі, дамуы мен өзін іс жүзінде көрсетуі үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құратынымызды нақтылап жеткізу екенін айтты жиынға қатысқан партиялықтар.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
