Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

5 ЖЫЛДА АУДАН ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Ж.Үмбетов, ауданның құрметті азаматы, ғұмырын саясатқа арнаған, талай жыл әкім болып, қазірде бейнетінің зейнетін көріп жүрген зейнеткер. Үгіт-насихат жүмыстары барысында үміткерлер, бірінші кезекте ауданда алдағы 5 жылда атқарылуы тиіс жұмыс барысына жасалған бағдарламаның тармақтарына тоқталып, сол өңір бойынша жасалған жоспарды таныстыруды мақсат етіп отыр. Соынң бірі таза ауыз су мәселесі. Құркелес ауылдық округі аудандағы халқы және елді мекендер жағынан үлкен округ. Аймақтың таза ауыз сумен қамтылмаған ауылдарына партияның бағдарламасына сай қол жеткізу мүмкіндігі артуда.

Бүгінгі таңда ауданда 71 елді мекеннің 36 елді мекені орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген, яғни 50,7%-ды құрайды. Орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмаған 35 елді мекен, оның ішінде 4 елді мекен экономикалық жағынан тиімсіз шалғайда орналасқан. Сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 480,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде ауылдық елді мекендері – 310,1 шақырым (37,2 ш.қ. немесе 12,0%-ның сумен жабдықтау желісі тозған), Сарыағаш қаласында 170,4 шақырым (56,7 ш.қ. немесе 33,2%-ның сумен жабдықтау желісі тозған).

Партия 2025 жылы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отыр. Олүшін «Nur Otan» партиясы:

Сарыағаш қаласының ауыз су жүйелерін қайта құруға; 2025 жылға дейін 31 ауылдың тұрғындарын кезең-кезеңімен сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етуге, оның ішінде: 2021 жылы Жаскешу, Атамекен, Тегісшіл, Мәдениет, Көктөбе-Телемұнара елді мекендерін; 2022 жылы Береке, Бостандық, Әлімтау, Жаңатұрмыс, Сарысу, Дербісек, Шайхана, Нұрауыл, №3 ферма, Қызыласу, Жайдаққұдық, Көктал, Жылға елді мекендерін; 2023 жылы Ақниет, Қанағат, Жонарық, Жылға, Жібек жолы, Қарабау, Зортөбе, Сарқырама, Ақжар, Қабыланбек, Жаңақұрылыс елді мекендерін; 2024 жылы Шеңгелді Тасқұдық, Ақүй, Достық елді мекендерін сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. Нәтижесінде 2025 жылы аудан тұрғындары 100%таза ауыз сумен қамтасасыз етіледі.

Ел ағасы партияның жұмысына ризашылығын білдіріп, елдің тұтқасын тұғырда ұстап, әлемдік ареналарда көк туымыздың қалықтай беруін тілеп, барша партиялық үміткерлерге сәт сапарын тілеп шығарып салды.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
414

Еще по теме

5 ЖЫЛДА АУДАН ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ - Yvision.kz