КАНВАССИНГТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ
Сарыағаш қаласының тұрғын ардагер ұстаз, түрік этно мәдени орталығының төрағасы, жеке кәсіпкер Яйла Аскеров пен көше биі Нұржан Бекмырзаевтың отбасында болған партия үміткері, зиялылардың отбасылық жағдайымен танысып, «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Яйла Аскеров ең бірінші байлығымыз тұрақтылық пен тыныштық екенін біз ұмытпауымыз керек деп сөз қозғазыды. Партияластар, «Nur Otan» партиясы, еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың ынтымағы, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмысын жалғастыратын болатынын айтып, саяси науқанда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – бұл Қазақстанның табысты дамуының сенімді негізі. «Nur Otan» партиясы біздің қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен арттыруды қолдайды. Бүгінде Сарыағаш ауданында 30-дан астам ұлт өкілдері тұрады және 6 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Этностар арасындағы достық пен татулықты нығайту үшін «Nur Otan» партиясы: партияның «Бақытты отбасы» жобасын іске асыруға қатысу. Отбасының рөлін арттыратын және отбасылық құндылықтарды нығайтатын түрлі акциялармен спорттық шаралар өткізу; ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды және ұлттың мәдени кодын сақтауды, соның ішінде тақырыптық шаралар арқылы Қазақстан халқының бірлігі күнін жалғастыру үшін 915 іс-шара (40 дөңгелек стол, 350 мәдени іс-шара, 215 танымал тұлғалармен кездесу, жастар арасында 150 спорт шаралары, 45 форумдар, 62 түрлі фестивальдар және 50 конференциялар) өткізу; фокус сарапшы тобын құрып, ұдайы талдау жасау; «Берекелі шаңырақ» жастар жобасы аясында аналар кеңестерінің жұмысына жағдай жасау; ел бірлігін нығайту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумының жұмысын жалғастыру; бірлікті, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту үшін этномәдени және діни бірлестіктерді белсенді түрде қолдау; Сарыағаш ауданының көрнекті тумалары мұраларын насихаттау; мемлекеттік тілді насихаттау, қолдану аясын кеңейту, Қазақстан халқының тілдерін дамыту; азаматтық қоғамның дамуына және азаматтық белсенділіктің іске асырылуына ықпал ету. Қабылданған шаралар бірліктің, саяси тұрақтылық пен рухани келісімнің одан әрі дамуына ықпал етеді. Аудан тұрғындары ауданның қоғамдық-әлеуметтік өміріне белсенді қатысады. Жобаларды іске асыру маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Нәтижесінде мәдени және рухани құндылықтарды сақтау туралы елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында айтылған ойлар жүзеге асады.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
