ШЕБЕР МЕН БАЛА
Мәди АЙЫМБЕТОВ ШЕБЕР МЕН БАЛА Бiр ғажайып кiшкене қалада ағаштан неше алуан сыбызғы, керней жасайтын шебер тұрыпты. Қала жұрты бұл адамның аты-жөнi кiм екенiн бiлмептi де, оны Шебер деп атап жүре берiптi. Шебердiң бойындағы бiр қасиет – ол өзiнiң еңбегiн ешкiмге сатпайды екен. Жасаған аспаптарын базарға апарып тегiн үлестiредi. Әрине, өнерден бейхабар, ән айтып, күй тарта алмайтындардың өздерi де шебердiң бұйымдарын алмайды да, қызықтамайды да. Бастарын шайқап: «Мұндай ақымақ болар ма, көз майын тауысып, жасаған дүниесiн тегiн сатқаны несi?!» – деп, қайта табалап кететiн. Сыбызғы мен кернейлерiнiң құйқылжыған үнiне таң қалысып, шебердiң еңбегiне ризашылығын бiлдiретiндер, алайда, тiптi көп едi. – Егер мен ақшаға сатсам, сыбызғы мен кернейлерiм өздерiнiң әдемi үндерiнен жұрдай болады. Сыбы…