Өзбекстанның ішкі әуе компаниялары мен шетелдік лоукастерлер туралы
Өзбекстанның ішкі әуе компаниялары мен шетелдік лоукастерлер туралы айтпасақ болмас?Астанадан Ташкентке және кері ұшатын екі компанияның ұшақтары бар екен, біріншісі - өзіміздің FlyArystan және Air Astana, екіншісі Өзбекстанның Uzbekistan Airways компаниясы. Бағасы қалтаға қарай, шамалы айырмашылық болар. Сондықтан, Ташкентке барып-қайту кезінде отандық FlyArystan компаниясын таңдадық. Өз лоукостеріміздің жалпы, басында бағасы арзандау еді, кейінгі кезде біраз қымбаттап кетті.Ал, Өзбекстан аумағында олардың Uzbekistan Airways компаниясын таңдадық, ыңғайлы, бағасы да аса қымбат емес. Мысалы, Ташкенттен Нөкіске дейін бір сағат жиырма минут ұшсақ, Үргеніштен Ташкентке де бір сағат жиырма минутта жеттік. Айтқандай, билетті көп агрегаторлардан қарадым да, аталған компанияның өз сайтынан алдым.…
