Перейти к содержимому
Fvfylsr
Fvfylsr

Амандык Амирхамзин

@Fvfylsr

На сайте с 21 марта 2016 г.Казахстан, Астана

Без прошлого нет настоящего!

рейтинг

250

постов

328

комменты

85

подписчиков

20

подписка

1

Украинадаға атауы түркі тілінде сақталған 50 қала туралы

Жақында Ресей мен Украинада сұрау салу жүргізіліпті, сонда адамдарды не ойландырады дейсіз ғой? Бірінші орында бағаның қымбаттауы екен. Ол зерттеудің қаншалықты шынайы екенін білмеймін, дегенмен ойлантарлық жайт. Яғни, адамдарды соғыстан бұрын қымбатшылық толғандырады. Әрине, қос славян мемлекетінің соғысы бір күні тоқтайтыны аян. Ал, өз кезігімде Украина туралы оқып отырып, оның тарихына, оның ішінде, біздің, яғни, түркі жұртына байланысты жерлері туралы сәттерін қағазға түсірген едім. Сонымен не айтқысы келді дейсіздер ғой? Ол - Украинаның әуел бастан түркі халықтарымен байланысы, тіліндегі, мәдениеті мен тарихындағы түркі жұртының әсері. Соның ізіндей болып Украинадағы түркі атаулары да айқындап тұр.Әңгіме, украин жеріндегі атауында түркі жұрттарының ізі сақталған шаһарлар туралы:1) Ах…

0
0
3159

Есенберлиннің үш ерлігі

Сарыарқаның төсіндегі Атбасар қаласы заманында ұланғайыр өлкенің орталығы болған. Жаңылмасам, тіпті алыстағы Ұлытау өңіріндегі кеніштер Атбасардан басқарылып тұрған. Ол жөнінде Қаныш Имантайұлының өмірбаянымен танысқанда оқыған едім. Мұнда заманында Атбасар жәрмеңкесі өткізіліп, бекініс қала мәртебесіне ие болған еді. Атабасар қазіргі күні шамамен 30 мың халқы бар қала, Ақмола облысындағы аудан орталығы. Айтқандай, Атбасар шаһарында белгілі қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің музейі бар. Қанша барсам да, туған жерге Атбасар арқылы өтсем де музейге кіруге бір реті келмепті. Сәті түсер деп жүрмін. Осы Атбасар қаласында қазақтың біртуар ұлы Ілияс Есенберлин туған еді.Ілияс Есенберлиннің үш ерлігі туралы айтпас бұрын, оның өмір жолына тоқтала кетейік.1915 жылы туған оның балалық, жастық шағы а…

0
0
4678

Әбілхан Қастеев туралы

Бүгін, яғни, 14 қаңтар белгілі қазақ суретшісі Әбілхан Қастеевтің туған күні!Жалпы, кез келген қазақ өнер адамдары болсын, зиялылары болсын бәрінің басынан бір ұқсастықты табуға болады. Ол - аштықты, қиыншылықты өткеріп, көбінің репрессияға ұшырауы, жетімдікті көруі.Мәселен, Әбілхан Қастеевтің тағдырын алайықшы. Қастеев 1904 жылы Жаркент маңындағы Шежін ауылында дүниеге келеді. Бірақ, жастайынын ауыр тұрмыс тауқіметін тартып, үш жасында әкесінен айырылып, анасына қолғанат болады. Ауыр тұрмыс баланы ерте есейтті, бірақ, табиғатқа, әдемілікке ғашық бала әртүрлі мүсіндер жасап, сурет салады. Оның бұл өнерін байқап қалған ауыл келіншектері даладан келе жатқан кезде бала Әбілханның алдынан шығып, әшекейлер жасап беруін өтінеді. Бірде, ол молданың бейнесін (мүсінін) жасайды, бірақ, сол еңбегі ү…

0
0
3906

Об острове Жыланды

Об острове Жыланды (остров Змеиный, который находится в акватории Черного моря).Я не буду останавливаться на истории этого острова, но период острова Змеиный в составе Османской империи очень интересный!Но, прежде чем перейти к периоду османов, нужно учесть, что остров находится неподалёку от устья Дуная, а как мы знаем, нижнее течение реки Дуная постоянно находился в зоне активных исторических событий и был тесно связан с политическими устремлениями в этом районе, как кочевого и полуоседлого населения степи. Тем более, днепровские пороги были известны многим кочевникам, например, печенегам.После того, как в 1453 году Константинополь стал Стамбулом, акватория Чёрного моря превратилась в «турецкое озеро», моряки Османской империи бороздили не только по Черному морю, но и по Средиземному мо…

0
0
6247

Суқұм қала, Суық су, Су бойы елі және Шеркеш мәмлүктері туралы

Абхазиядағы оқиғалар көпшіліктің назарын аударды. Әрине, біз, 90 жылдардағы соғысты, одан кейін 2006 жылғы Кодордағы оқиғаларды және Ресейдің 2008 жылы Грузияға басып кіруін, кейін Абхазияның РФ протекторатына айналғанын білеміз.Егер, картадан карайтын болсақ, Абхазия Ресей мен Грузия арасындағы теңіз жағалауы аумағын алып жатыр. Абхаздар Ресей әскерінің көмегімен өз «тәуелсіздіктерін» жариялағанмен, өркениетті Әлем Абхазияны Грузияның құрамдас бөлігі ретінде таниды.Бірақ, мен ол жөнінде емес, жалпы, шеркештер, оның ішінде абхаздар туралы баяндамақпын.Және, біздің жұртпен көп ұқсастықтарын таптым.Арғы тарихына қатысты айтатын болсақ, абхаздардың халық ретінде пайда болып, қалыптасуы жөнінде әртүрлі нұсқалар бар. Біріншісі, олар Кіші Азиядан келген десе, екінші деректер, керісінші абхаздар…

0
0
3100

Хиуаға саяхат

Өзбекстанның батысына саяхат барысында жол түскен келесі нүктеміз - ол Хиуа. Иә, исі қазаққа әуелден таныс шаһар. Біз де көптен армандап, ақыры Хиуаға ат басын тіреген едік. Хиуаға Қазақстанның қос тарапынан баруға болады. Бірінші, әрине еліміздің батыс бөлігінен жету, Маңғыстаудан Нөкіске поезд жүреді. Бірақ, бір жарым тәулік тым ұзақ деп санаймын. Бір уақытта Ақтау мен Ақтөбеден Нөкіске тіке әуе байланысы жоспарланған еді, соңы сиырқұйымшақтанып кетті. Яғни, Нөкістен ары 170 шақырым қашықтықтағы Үргенішке жетесіз. Ал, Хиуа Үргенішке тиіп тұр. Қызық көріп, қос қаланы жалғайтын троллейбуспен жеткен едік.Екінші, Ташкент тарабы арқылы жету. Ташкенттен Үргенішке Өзбекстанның ішкі рейстері ұшады. Бір сағат жиырма минутта топ ете қаласыз да, таксиге отырып, Хиуаға жетесіз. Біз Нөкіс арқылы жет…

0
0
2005

Үргеніш шаһарына сапар немесе Хорезм - "ислам ренессансы" ошақтарының бірі

Сапарымыздың үшінші күні біз Нөкіс-Үргеніш жолымен бағыт алғанымызды алдыңғы посттарымның бірінде жазған едім. Әуелгі жоспар бойынша Ташкенттен Самарқандқа, Самарқандтан Бұхараға, Бұқарадан Үргенішке поезбен шығуымыз керек болған, бірақ, бәрі сол уақытқа байланысты ғой, сондықтан, керісінше, Ташкенттен Нөкіске, Нөкістен Үргенішке бағыт алған бетіміз бар еді. Әлішер атты бауырымыз такси жүргізушіне апарып, табыстап кеткен. Бір байқағаным, Қарақалпақстанда Қазақстанды өте жақсы біледі, жүргізуші бауырымыз тіпті Атырауда тұрыпты. Оны айтасыз-ау, Нөкіс көшесінде ролик киген бала велосипедке мініп жатыр екен: "Құлап қаласың ғой?" десем, ол бала: "Қазақстаннан келдіңіздер ме? Қазақстанда тұрғанмын" дейді. Жалпы, қызық әсер.Әрине, Нөкістен Үршенішке дейін поезбен де жетуге болады. Бірақ, 170 шақ…

0
0
1882

Қарақалпақстанға саяхат

Жалпы, менің жоспарларымның бірі - түркі елдерінің бәріне саяхат жасап, олардың өмір-салтымен, тұрмысымен, асханасымен, тілі мен тарихымен танысу. Осы уақытқа дейін Түркияда екі рет, Әзербайжанда екі рет, Солтүстік Кипрде, Қырғызстанда, Өзбекстанда болдым. Өзбекстанға екінші сапарымды Ташкенттен соң елдің батыс бөлігіне (Қарақалпақстан, Хиуа, Үргеніш) арнау себебім де сол еді. Яғни, Қарақалпақстанды әрине 1-2 күнде тану мүмкін емес, дегенмен, кітаптан оқыған бір бөлек те көзбен көрген тіпті басқа ғой.Әуелі қарақалпақтар туралы. Өзбекстандағы қарақалпақтардың саны 2021 жылғы дерек бойынша 752,7 мың, яғни, саны бойынша Өзбекстан халқының төртінші ірі жұрты, мысалы, сол 2021 жылғы статистикалық деректер бойынша Өзбекстанда өзбектердің саны — 29,2 миллиона адам, тәжіктердің саны — 1,7 миллион…

0
0
787

Өзбекстанға саяхат бойынша лайфхактар

Бірінші, әуелі құжаттарыңыздан бастайық. Шетелге шығу үшін құжатыңыз (құжаттарыңыз) (паспортыңыз, паспорттарыңыз) бар болар. Халыққа қызмет көрсету орталығында бірнеше күнде рәсімдеп береді. Төлем ақысы есімде жоқ, қымбат емес. Айтқандай, баламен шетелге шықсаңыз күйеуіңіздің (келіншегіңіздің) келісімі керек. Оны нотариус рәсімдеп береді. Сосын, жаман айтпай жақсы жоқ бұл құжаттардың екі көшірмесін алып алыңыз.Екінші, Астанадан Ташкентке бару үшін Шымкент арқылы, одан әрі қазақ-өзбек шекарасы арқылы өтуге болады. Бірақ, мен әу бастан бұл нұсқаны қарастырғаным жоқ. Себебі уақыт жоқ, оның үстіне 1-1,5 күнді жоғалтқым келмеді. Әрине, поезбен арзандау түсер, осы жерде қандай лайфхак қолдандым? Әуе билетін ерте алсаңыз, соғұрлым арзан түседі. Айтқандай, билетті алар кезде, деректеріңізді екі р…

0
0
975