Перейти к содержимому
Aiym_Zhambulova

Aiym_Zhambulova

На сайте с 3 апреля 2023 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

250

постов

12

комменты

0

подписчиков

0

подписок

0

Жарқын болашаққа бастар жол – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Қазіргі таңда әрбір талапкер үшін дұрыс таңдау жасау – болашаққа салынған берік іргетаспен тең. Білім мен мүмкіндікті қатар ұсынатын, тұлғалық және кәсіби дамуға жол ашатын оқу орнын таңдау – үлкен жауапкершілік. Осындай сенімді таңдау – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде бұл университет сапалы білім мен заманауи ғылымның орталығы саналады. Мұнда білім беру үдерісі халықаралық стандарттарға сай ұйымдастырылып, студенттерге кең ауқымды мүмкіндіктер ұсынылады. Кәсіби білікті профессор-оқытушылар құрамы, инновациялық зертханалар, бай кітапхана қоры – барлығы да студенттердің терең білім алуына бағытталған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – тек білім ордасы ғана емес, үлкен мүмкіндіктер алаңы. Университет студенттері…

0
0
7426

"Қазақстанда зияткерлік миграция жүйесі қашан оңалады? "

Қазақстанда жоғары білімді, білікті мамандардың шетелге көшу үрдісі яғни зияткерлік миграция соңғы жылдары өзекті мәселеге айналып отыр. Әсіресе, ғылым, медицина, IT, инженерия және білім беру саласындағы кадрлардың басқа елдерге кетуі алаңдатарлық көрсеткішке жетті. Бұл құбылыс тек бір адамның жұмыс орнын ауыстыруы ғана емес, елдің интеллектуалдық және экономикалық әлеуетіне тікелей әсер ететін күрделі әлеуметтік-экономикалық және мәдени проблема ретінде қарастыру тиіс.Зияткерлік миграция — дамушы мемлекеттер үшін "brain drain" (ақыл-ойдың кемуі) мәселесін туындатады. Мұндай жағдайда ел ішіндегі ғылым мен білім деңгейінің төмендеуі, инновациялық дамудың баяулауы, экономикалық өсімнің тежелуі сынды қауіптер пайда болады. Бұл мәселені түсіну және оның шешу жолдарын нақтылау — мемлекет үшін…

0
0
238

Алаш зиялыларының тарихи тағылымы

Ұлт зиялылары елі үшін қабырғасы қайысып, халқының  келешегі үшін жасаған игі істері  сол замандағы  батыр бейнесі. Саяси қызметтің қатерлі жолынан жаңылыспай, жанқиярлыққа барған азаматтар елінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап егемендікке қол жеткізудің жолдарын іздеді. Қарапайым халықты ілімге шақырып, көзін ашуға жол нұсқап, білімге құштарлығын ояту мақсатында құнды еңбектерін жарыққа шығарған. Кеңес өкіметінің  солақай саясатына қарсы шығып, партия құру әркімнің қолынан келмейтін жауапты іс. Алаш жетекшілерінің ұрандары сол замандағы жастардың рухын оятты. М.Жұмабаев, С.Торайғыров, М.Әуезов, С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Қ.Сәтбаев сынды дара, бітуар тұлғалар қазақ үшін қасық қаны тамғанша еңбек етті.Алаш зиялыларының негізгі мақсаты ұлтымызды ұйыстыру, бұл игі істің артында…

0
0
324

Алаш әскерін құруды көздеген Отыншы

Елінің ертеңгі қамы үшін өз халқының тағдырына жаны күйзеліп, күресте мерт болған азаматтың есімі ел жадында мәңгі сақталу тиіс. "Қазақ " газетінде Міржақып Дулатұлының "Тағы құрбан" атты мақаласы жарық көрді. Бұл мақала елінің келешек ұрпағы үшін қажырлы еңбек еткен Алаш қайраткері – Отыншы Әлжанұлы жайлы. Зайсан өлкесінің тумасы Отыншы Зайсан қазақтарының атынан Думадағы саяси партия бастықтарына телеграмм жіберіп, үкіметтің әділетсіз әрекеттеріне наразылығын білдіріп, талаптарын ашық айтты. Алайда, үкімет Алаштықтардың әділдікті талап еткені үшін әр бастамасына бөгет болып, 1909 жылы Жетісу облысында Қытаймен шектесіп жатқан Лепсі аймағына Отыншыны айдауға жіберді. Отаншы абақтыда өткізген бес жылын бос өткізбей, тиімді пайдаланды. Бостандыққа шыққан соң, Жетісу облысына депутат болып…

0
0
589

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ӘЛЕМІНЕН БІР ҮЗІК СЫР

Әзілхан Нұршайықов– журналист, көсемсөзші. Әзілхан Нұршайықовтың “Махаббат қызық мол жылдар”, “Ақиқат пен аңыз” , “Махаббат жыры”, “Жамбылға хат”, “Менің замандастарым” атты кітаптары қалың оқырманға танымал болған туындылар. Қаламгердің шоқтығы биік, шығармаларының бірі– “Ақиқат пен аңыз.” Ұлы отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы жайында мақала жазуға редакцияның атынан тапсырма жүктеледі. Кейін Әзілхан Нұршайықов деректерді жетік меңгеріп, кездесуге барады. Осылайша батыр туралы бастау алған мақала кейін “Ақиқат пен аңыз” атты атақты романның жарыққа шығуына жол ашты. Жұрт іздеп жүріп оқитын кітапқа айналып, 100-мың данамен шығып, ел батыр Бауыржанның нағыз ақиқатына көз жеткізеді.Әзілхан Нұршайықов – мен таңдаған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетіні…

0
0
319