Перейти к содержимому

Жарқын болашаққа бастар жол – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Қазіргі таңда әрбір талапкер үшін дұрыс таңдау жасау – болашаққа салынған берік іргетаспен тең. Білім мен мүмкіндікті қатар ұсынатын, тұлғалық және кәсіби дамуға жол ашатын оқу орнын таңдау – үлкен жауапкершілік. Осындай сенімді таңдау – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде бұл университет сапалы білім мен заманауи ғылымның орталығы саналады. Мұнда білім беру үдерісі халықаралық стандарттарға сай ұйымдастырылып, студенттерге кең ауқымды мүмкіндіктер ұсынылады. Кәсіби білікті профессор-оқытушылар құрамы, инновациялық зертханалар, бай кітапхана қоры – барлығы да студенттердің терең білім алуына бағытталған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – тек білім ордасы ғана емес, үлкен мүмкіндіктер алаңы. Университет студенттеріне ғылыми жобалармен айналысуға, стартап бастамаларын жүзеге асыруға, түрлі халықаралық бағдарламаларға қатысуға жағдай жасайды. Бұл – жас мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, әлемдік деңгейде өз орнын табуына ықпал етеді. Бүгінгі студент – ертеңгі көшбасшы. Сондықтан университет қабырғасында тек білім беру ғана емес, тұлғалық қасиеттерді дамыту да маңызды. Мұнда әр студент көшбасшылық қабілетін шыңдап, шығармашылық әлеуетін дамыта алады. Түрлі мәдени, қоғамдық және спорттық іс-шаралар студенттік өмірді қызықты әрі мазмұнды етеді. Университеттің көркем кампусы, заманауи жатақханалары, жайлы оқу ортасы – білім алуға деген ынтаны арттыратын маңызды факторлардың бірі. Осындай ортада білім алған талапкер өз мақсатына сенімді қадам жасайды. Имидждік тұрғыдан алғанда, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – табысты болашақтың кепілі. Мұнда білім алған түлектер еліміздің және әлемнің түрлі салаларында өз орнын тауып, жоғары жетістіктерге жетуде.

Қорытындылай келе, жарқын болашаққа бастар жол – дұрыс таңдау жасаудан басталады. Ал сол таңдаудың ең үздігі – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Бұл – білім мен арман тоғысқан, мүмкіндіктер есігі айқара ашылған орда.

Жамбулова А. 3 - курс

Ахмет Д. 1- курс

Уразгулова Ж.1-курс

Әбікенова Ж.Ж. Түркітану және тіл теориясы кафедрасы аға оқытушысы.

0
0
7430

Еще по теме