Перейти к содержимому

Алаш әскерін құруды көздеген Отыншы

Елінің ертеңгі қамы үшін өз  халқының тағдырына жаны күйзеліп, күресте мерт болған азаматтың есімі ел жадында мәңгі сақталу тиіс. "Қазақ " газетінде   Міржақып Дулатұлының "Тағы құрбан" атты   мақаласы  жарық көрді. Бұл мақала елінің келешек ұрпағы үшін қажырлы еңбек еткен   Алаш қайраткері – Отыншы Әлжанұлы жайлы. Зайсан өлкесінің тумасы Отыншы Зайсан қазақтарының атынан Думадағы саяси партия бастықтарына телеграмм жіберіп, үкіметтің әділетсіз әрекеттеріне  наразылығын білдіріп, талаптарын ашық айтты. Алайда, үкімет Алаштықтардың әділдікті талап еткені үшін әр бастамасына бөгет болып, 1909 жылы Жетісу облысында Қытаймен шектесіп жатқан Лепсі аймағына Отыншыны айдауға жіберді. Отаншы абақтыда өткізген бес жылын бос өткізбей, тиімді пайдаланды. Бостандыққа шыққан соң, Жетісу облысына депутат болып сайланды. Қыс кезінде   Орынборда өткен жалпы қазақ-қырғыз сьезінде Алаш үкіметінде депутаттық жолына кірісті.

Алматы облыстық съезінде Отыншы Әлжанұлы алғаш қазақ милициясын құру туралы кеңес өтті. Кеңес нәтижесінде Отаншы жолдастарымен бірге Түркістан комитетінің бастығы Шкапскийге жолығып, қазақ милициясы құрылуы үшін 500 мың сом ақша берді. Отаншы   толыққанды үкімет болу үшін, сыртқы күштен қорғану үшін әскер қажет деп алға тартты. Ақыр соңында бұл ақшаны  большевиктер талап әкетті. Отыншы Алматыға барып, милиция құруды мақсат тұтты. Автономия қамына кірісіп милиция жасамақ болып жүргенін біліп, большевиктер Отыншыны абақтыға жапты.Отыншы бұл жолы абақтыдан аман құтылып, елінің қамын білуге кірісті. Сол сәтте большевиктер елге ойран сала бастап, қазақ- қырғызды жоюға кірісті. Басқарушы Отаншы бұл әрекетке шыдай алмай, әскермен бірігіп, сарбаз жинап, елді қорғауға кірісті.

Июль айында мынадай хат келіп түсті;

"Елдің басына мынадай пәле туып тұрғанда мен бұларды тастап кете

алмаймын, өлсем-тірілсем де бірге көремін, менің қатын-баламды келіп алып кетіңдер"   - деп,Отыншы  соңғы сөзін айтты.

Отыншы Әлжанұлы көрегенділігімен, даналығымен көзге түсті. Отыншының болмысында даналық пен қайсарлық қатар көрінді. Қазақхалқының абыройын арттырып, еліне қауіп төнгенде данышпандылығының арқасында тізгініндегі билікті әділетті  басқарды. Еліміздегі орын алып жатқан жайтты ой елегінен өткізіп, көзқарасын білдірді. Отыншы келешегі үшін жасаған игі істері сол замандағы нағыз батырдың ерлігі ретінде кейінгі ұрпақ яғни біздер үшін өшпес өнеге болады.

Жамбулова Айым,

ҚазҰУ-дың 1-курс студенті Жетекшісі:

фил.ғ.к. доцент Р.С.Жақсылықбаева.

0
0
590

Еще по теме

Алаш әскерін құруды көздеген Отыншы - Yvision.kz