ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ӘЛЕМІНЕН БІР ҮЗІК СЫР
Әзілхан Нұршайықов– журналист, көсемсөзші. Әзілхан Нұршайықовтың “Махаббат қызық мол жылдар”, “Ақиқат пен аңыз” , “Махаббат жыры”, “Жамбылға хат”, “Менің замандастарым” атты кітаптары қалың оқырманға танымал болған туындылар. Қаламгердің шоқтығы биік, шығармаларының бірі– “Ақиқат пен аңыз.” Ұлы отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы жайында мақала жазуға редакцияның атынан тапсырма жүктеледі. Кейін Әзілхан Нұршайықов деректерді жетік меңгеріп, кездесуге барады. Осылайша батыр туралы бастау алған мақала кейін “Ақиқат пен аңыз” атты атақты романның жарыққа шығуына жол ашты. Жұрт іздеп жүріп оқитын кітапқа айналып, 100-мың данамен шығып, ел батыр Бауыржанның нағыз ақиқатына көз жеткізеді.
Әзілхан Нұршайықов – мен таңдаған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі. Менің ерекше ұнатып оқыған шығармаларымның бірі – сүйікті жазушым Әзілхан Нұршайықовтың “Махаббат қызық мол жылдар ”романы.
“Құдай- ау қайда сол жылдар,
Махаббат, қызық мол жылдар?„ деп Абай жырлағандай адам өміріндегі мөлдір махаббатты өзек еткен шығармалардың бірі. Автор романның басты кейіпкерлері Ербол мен Меңтайдың арасындағы кіршіксіз махаббаты суреттейді. Соғыстан аман-есен оралған Ербол қалап түскен оқуында, өзінің өмірлік жары Меңтайды кездестіреді. Алғаш аудиторияға кірген сәттен -ақ сезімге ерік берген Ербол ішіндегі ерекше мінезімен баураған Меңтайға ғашық болады. Романда қос ғашықтың басынан өткерген қызық оқиғалары мен қиындықтары көрініс табады. Туындыдағы Меңтайдың бойындағы ұяңдық, көркем мінез– қазіргі қыздарға үлгі боларлық қасиет. Ал Ерболдың болмысындағы қыз баланы қадірлеу, ұстамдылық –бүгінгі жігіттерге өнеге болатын ерекше ізгі мінез. Шығармадағы шынайы махаббатты Ербол мен Меңтайдың бірге сабаққа дайындалып, әдеби шығармалар оқып, талқылаған сәттерінен байқаймыз. Ербол мен Меңтай қиындықтарға тап болса да, махаббат үшін күресуден тайынбады. Қиындықтарға төтеп беріп, ақыр соңында жеңіске қол жеткізген ғашықтар. Бұл махаббат хикаясын оқып, махаббаттың адалдығына көз жеткіздім. Ербол мен Меңтайдың арасындағы сыйластық пен шынайылықты көріп, махаббатың құдіретті күш екенін сезіне алдым. Меңтайдың бойындағы кішіпейілділік пен көркем мінез маған өнеге болды. Ерболдың Отан алдындағы және өзінің сүйген қызының алдындағы кіршіксіз тазалығы – үлгі аларлық қасиет.
Ғашықтар өз махаббттарының беріктігімен, тұрақтылығымен оқырманға терең ой салды. Сол үшін де мен өз замандастарымды Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат қызық мол жылдар" романын оқып, махаббатың қадір-қасиетін түсініп, білуге шақырамын!

Алматы қаласы
№40 Жалпы білім беретін мектептің
11 “Ә” сынып оқушысы
Жамбулова Айым