"Қазақстанда зияткерлік миграция жүйесі қашан оңалады? "
Қазақстанда жоғары білімді, білікті мамандардың шетелге көшу үрдісі яғни зияткерлік миграция соңғы жылдары өзекті мәселеге айналып отыр. Әсіресе, ғылым, медицина, IT, инженерия және білім беру саласындағы кадрлардың басқа елдерге кетуі алаңдатарлық көрсеткішке жетті. Бұл құбылыс тек бір адамның жұмыс орнын ауыстыруы ғана емес, елдің интеллектуалдық және экономикалық әлеуетіне тікелей әсер ететін күрделі әлеуметтік-экономикалық және мәдени проблема ретінде қарастыру тиіс.
Зияткерлік миграция — дамушы мемлекеттер үшін "brain drain" (ақыл-ойдың кемуі) мәселесін туындатады. Мұндай жағдайда ел ішіндегі ғылым мен білім деңгейінің төмендеуі, инновациялық дамудың баяулауы, экономикалық өсімнің тежелуі сынды қауіптер пайда болады. Бұл мәселені түсіну және оның шешу жолдарын нақтылау — мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар міндеттердің бірі.
Зерттеу бойынша , зияткерлік миграцияның артуына жалақының төмендігі, кәсіби өсудің шектеулілігі, бюрократиялық кедергілер, әлеуметтік әділетсіздік және жастардың өз еліне деген сенімінің төмендеуі әсер етеді.
Сарапшылардың пікірі:
ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының басшысы Александр Кельчевский:
"Білікті кадрлардың шетелге кетуі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіреді. Бұл жағдайды бақылаусыз қалдыру елдің болашағына қауіп төндіреді" дейді.
Экономикалық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Ғабит Матаев:
"Қазақстан диаспорасын инвестициялар мен инновацияларды тарту үшін пайдалану қажеттігін айта келіп, "brain drain" мәселесін өтеу жолдарының бірі",- деп жеткізді.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғалымы Бауыржан Боқаев: "Болашақ бағдарламасының түлектері елге оралғысы келеді, бірақ Қазақстандағы жалақы деңгейі мен мансаптық өсу мүмкіндігі жеткіліксіз",- деп сөзін түйіндеді.
Мысалы, 2024 жылы жүргізілген сауалнама нәтижесінде, қазақстандықтардың 21%-ы эмиграцияны қарастырып отыр.
Статистикалық деректер
2023 жылы Қазақстаннан 12,732 адам шетелге көшкен. Олардың ішінде 9,948-і ТМД және, 2,784-і басқа елдерге кеткен. 2024 жылдың алғашқы тоқсанында олардың саны 3,785 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 42.1%-ға артқан
Зияткерлік миграция бойынша жоғары білімді мамандардың үлесі жоғары деп жеткізді. Мысалы, техникалық (2,809), экономикалық (1,456), педагогикалық (75) және заңгерлік (421) саладағы мамандар.
Қазақстандағы зияткерлік миграция — елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін күрделі әрі өзекті мәселе. Соңғы жылдары жоғары білімді, білікті мамандардың шетелге көшу үрдісі артып келеді. Бұл құбылыс елдегі адами капиталының азаюына, ғылым мен технология салаларындағы прогрестің баяулауына және инновациялық әлеуеттің төмендеуіне әкелуі мүмкін.