Перейти к содержимому
Обложка сообщества Qaz

ҰБТ

Мен осы блогта болашақта күтіп тұрған сынақ ҰБТ жайлы өз пікірімді білдіргім келеді және блогты не себепті ашқаным жайлы жазамын.  Болашақта дәрігер болсам ба деген ойым бар. Негізі оның бәрі ҰБТ - дан алатын балыма байланысты деп ойлаймын. Оныншы сыныпқа көшкеннен бері сыныптастарымызбен бірге бар ойлайтынымыз ҰБТ. Тоғызыншы сыныпта оқып жүргенімде ҰБТ деген сөзді көп айта бермейтін едік. ҰБТ өміріме кіргелі болашағымды ойлап қорқамын, егер өтпей қалсам не болады деген ойлар туындайды. Айтпай кетпеуге болмайды әрбір қазақ отбасында егер баласы ҰБТ - дан өтпей қалса туған - туыстың алдында ұят болады деген түсінік бар. Қалай ойлайсыздар бұл дұрыс па? Шынымды айтсам менің ата-анам олай маған ештеңе айтпайды, бірақ сыныптастарымнан көп естимін. Ата-анам ештеңе айтпаса да мен ата-анамды ұятқа қалдырғым келмейді.

Блогты ашқан себебім өзгелермен ҰБТ жайлы ой бөлісу. Блогты ашуға себепкер болған жанның бірі әкем. Болашакта әкемнің өмірінен өткен қызықтармен танысасыздар.

Алғашқы блогыма өз ойыңызды білдіруді ұмытып кетпеңіз!

 

1
2
473

Еще по теме

ҰБТ - Yvision.kz