Мен армандаған білім ордасы
Аты аңызға айналған, ҚазҰУ қалашығына ең алғаш рет келгенде ерекше тарихи көрініске куә болдым. Қалашықтағы көне ғимараттардың өзінде терең мағынаға толы тылсым сыр жатқаны айырықша сезілді. Тарихқа жүгінетін болсақ, осынау білім ордасында Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмаханұлы, Әлкей Марғұлан тәрізді аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс оқыды. Тамыры тереңге жайған бұл ұлттық университет бала кезімде жүрегімнің түпкірінен орын алды. Үйдің үлкендері оның тарихы мен маңызын айтып, білім мен тәрбиенің қайнар көзі екенін үнемі дәріптейтін. Сол кісілердің осы оқу орны туралы сүйсіне айтқан сөздері менің жүрегімді тербетіп, ұмтылысымды оятты. ҚазҰУ мен үшін білімнің биігіне жетелейтін жарық шам іспетті болды. Енді жерде мектеп түлегі атанып, осы арманымның е…


