№614 ОРАЛ-АҚТӨБЕ ПОЙЫЗЫНДА 121 БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
2020 жылдың 12-13 наурызында «Адал жол» жобасы аясында БҚО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың БҚОФ және БҚО арнайы мониторинг тобымен бірлесіп №614 Орал-Ақтөбе және №8 Алматы-Саратов бағытындағы жолаушылар пойыздарына мониторинг жүргізді.№614 Орал-Ақтөбе жолаушылар поезын тексеру кезінде Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидасының 35 және 36-тармақтарының талаптарын 121 бұзу фактісі анықталды.№8 Алматы-Саратов жолаушылар поезында №4, №10, №11 вагондары жолсеріктерінің ресімделмеген жолжүкті алып жүруі фактілері анықталды. Шамамен жалпы салмағы 115 кг құрайды.Рейдтік іс-шаралар Арнайы мониторинг тобымен, «Ақжайық-Адалдық Алаңы» жо…










