Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

№614 ОРАЛ-АҚТӨБЕ ПОЙЫЗЫНДА 121 БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

2020 жылдың 12-13 наурызында «Адал жол» жобасы аясында БҚО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың БҚОФ және БҚО арнайы мониторинг тобымен бірлесіп №614 Орал-Ақтөбе және №8 Алматы-Саратов бағытындағы жолаушылар пойыздарына мониторинг жүргізді.

№614 Орал-Ақтөбе жолаушылар поезын тексеру кезінде Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидасының 35 және 36-тармақтарының талаптарын 121 бұзу фактісі анықталды.

№8 Алматы-Саратов жолаушылар поезында №4, №10, №11 вагондары жолсеріктерінің ресімделмеген жолжүкті алып жүруі фактілері анықталды. Шамамен жалпы салмағы 115 кг құрайды.

Рейдтік іс-шаралар Арнайы мониторинг тобымен, «Ақжайық-Адалдық Алаңы» жобасының өкілдерімен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың БҚОФ-мен бірлесіп алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

1
0
235

Еще по теме

№614 ОРАЛ-АҚТӨБЕ ПОЙЫЗЫНДА 121 БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ - Yvision.kz