Перейти к содержимому

Новое

ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының бекіткен жүйелік кестесіне сәйкес бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Меруерт Даубаева жергілікті тұрғындармен кезекті кездесуін өткізді.

Үміткер аудандағы «Диктроник» ЖШС қызметкерлерімен жүздесіп, еркін форматта әңгіме құрды. Халық пен билікті байланыстырып, өзекті мәселелердің дер кезінде шешілуіне орасан зор үлес қосып келе жатқан «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, пікір алмасты. Атқарылар істердің барысымен бөлісіп, 10 қаңтарда өтетін сайлауда партияға қолдау білдіруге шақырды.

Айта кетейік, аталмыш кездесуге «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы сайлауалды штабының төрағасы Досым Асабаев, жергілікті мәслихат депутаттығына үміткер Жомарт Датқаев пен «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері де қатысты.

0
0
107

Встреча с трудовым коллективом ТОО «Дина»

Член Житикаринского районного предвыборного штаба партии «Nur Otan», Роза Ешаева провела агитационную встречу с трудовым коллективом ТОО «Дина». В ходе встречи Роза Ешаева разъяснила основные направления предвыборной программы партии по Житикаринскому району.

0
0
134

ЖҰМАНОВ ЖАМБЫЛДЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ЖҰМАНОВ ЖАМБЫЛДЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

10 қаңтар – еліміздің саяси өмірінде тағы бір тарихи дамудың даңғыл жолын айқындайтын күн. Бұл күнде Мәжіліс пен жергілікті жерлердегі мәслихат депутаттары сайланатын болады.

Саяси додаға үміткерлерін үкілеп қосқан партиялардың көшбасында «Nur Otan» партиясы тұр. Тәуелсіздік алған жылдың алғашқы сәттерінен бастап елдің экономикасы мен әлеуметтік жағдайының жақсаруына атсалысып келе жатқан партиядан Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығынан ұсынылған үміткер Бақытжан Жұманов бүгін Жамбыл ауылдық округіне қарасты Көкпарсай елдімекенінің тұрғындарымен кездесті.

Елдегі карантиндік ахуалға байланысты барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткен кездесуде үміткер тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, сайлаудағы дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығына тоқталды.

«Еліміздің, перзенттеріміздің болашағының қандай болуы – сіздердің жасайтын таңдауларыңызға тікелей байланысты. 10 қаңтар – Сіз бен Біз үшін үлкен жауапкершілік күні. Сондықтан, баршаңызды сайлауға қатысуға, елдігіміз бен ерен еңбегіміздің айнасы болған «Nur Otan» партиясына дауыс беріп қолдауға шақырамын» деді Бақытжан Жұманов.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ауыз су, жол, кәсіпкерлік салалары бойынша қойылған сұрақтарға жауап берілді.

0
0
115

ҮМІТКЕРЛЕР ЖАСТАРМЕН ДЕ ЖҮЗДЕСУДЕ

ҮМІТКЕРЛЕР ЖАСТАРМЕН ДЕ ЖҮЗДЕСУДЕ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев төрағалық ететін «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы ұсынған аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Бауыржан Абилов бүгін белсенді жастармен кездесу өткізді.

Жастармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе отырып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстыру Бауыржан Абилов басты басымдықтарға тоқталды. Партияның бастамасымен қолға алынып жатқан жұмыстарға, соның ішінде, жастардың білім алулары мен кәсіпкерлік, агроөнеркәсіп салаларында табысты болулары үшін жасалып жатқан қамқорлықтарды тілге тиек етті.

Атқарылған жұмыстардың негізгі салаларын айтып, партияның алдағы жоспарларымен бөлісті. Жастардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Қоғам үшін маңызды мәселелерді жазып алып, тиісті сала мамандарымен жұмыс жүргізетіндігін айтты.

Кездесу соңында жастарды сайлауда қолдау көрсетуге шақырды.

0
0
119

14.12.2020 года в г.Лисаковске прошла акция "От двери к двери".

14.12.2020 года в г.Лисаковске прошла акция "От двери к двери".

В которой приняла участие кандидат в депутаты Лисаковского городского маслихата Кадырханова Айман Кадырхановна.

Айман Кадырхановна имела возможность встретиться с избирателями, раздать агитационную печатную продукцию, а также рассказать о предвыборной программе партии "Nur Otan", ведь задачи этой программы отражают ключевые запросы лисаковчан, и содержит ответы на актуальные проблемы нашего общества.

0
0
115

ҮМІТКЕР МАЙДАНГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҮМІТКЕР МАЙДАНГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қарапайым халықтың мүддесі мен талап-тілегін бірінші орынға қойып, айтылған ұсыныстардың шешілу жолдарын қарастыруды күн тәртібінен түсірмеген «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалынан Мәжіліс депутаттығына ұсынылған үміткер Ұлжанат Жұрымбетова бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Сейтмұрат Қосжановтың шаңырағында канвассинг өткізді. Шараға «Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының төрағасы Досым Асабаев, штаб мүшесі Меруерт Даубаева қатысты.

Еліміздің Тұңғыш Президенті, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлының жүргізген сындарлы саясатының нәтиже інде әлемдік аренада саяси тұрақтылығы мығым мемлекет атанған Қазақстанды ары қарай да дамытуға ниетті «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырған Ұлжанат Жұрымбетова сайлауалды бағдарламаның басымдықтарымен таныстырды.

«Сіздердің дауыстарыңыз, сіздердің қолдауларыңыз еліміздің болашағын айқандауда үлкен рөл атқарады. 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысып, дұрыс таңдау жасайтындарыңызға сенімдімін» деді кездесу соңында.

0
0
153

«ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ – АҒАЙЫННЫҢ АХУАЛЫМЕН ТАНЫСУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ

«ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ – АҒАЙЫННЫҢ АХУАЛЫМЕН ТАНЫСУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер, «Атакент» аудандық ауруханасының бас дәрігері Ұлжанат Жұрымбетова бүгін «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында тұрғындармен кездесті. Акция медицина саласының ардагері Болыс Құдайбергеновтың шаңырағынан бастау алды.

Шара барысында «Nur Otan»-дықтар сайлауалды бағдарламамен таныстырып, партияның назарынан тыс қалмайтын әлеуметтік, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салаларында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Тұрғындармен тілдесіп, ұсыныстарын тыңдады. «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы барысында айтылған әрбір ұсыныс пен пікір жеке бастың емес, қоғамның, елдің мүддесіне арналды.

Шара соңында Ұлжанат Жұрымбетова жұртшылықты «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге, жарқын болашаққа бірге қадам басуға шақырды.

0
0
162

В ВКО работают общественные приемные при штабах партии «Nur Otan

Кандидаты, включенные в партийный список»Nur Otan", а также доверенные лица партии принимают граждан ежедневно с 9.00 до 18.00 часов. Прием ведется и в онлайн-формате. 

Общественные приемные-один из основных инструментов обратной связи партии с населением и защиты прав граждан. За 11 месяцев т. г. в общественные приемные Партии «Nur Otan» по Восточно-Казахстанской области поступило 13 тыс. обращений. Это в два раза больше, чем за аналогичный период 2019 года. 

При этом за последние 5 лет в общественные приемные обратилось около 73 тыс. человек, из них 8 тыс. – в онлайн формате. Из них 92% получили положительное решение, оказана бесплатная консультация, правовая и иная помощь.

- Анализ показывает, что в основном жителей волновали вопросы социального обеспечения, их удельный вес-30%. Также вопросы жилищно-коммунального хозяйства составляют 16%, обеспечения жильем – 15%, трудовых споров – 14%, строительства – 9%, образования – 9%, медицинского обслуживания – 7%, – сказал председатель Восточно-Казахстанского областного предвыборного штаба партии «Nur Otan» Олег Чугунков.

0
0
167

ҮМІТКЕРЛЕР САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Елімізде 10 желтоқсаннан бастап 2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындалған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың партиялық тізім ұсынған партиялардың үгіт жұмыстары басталды.


Осы орайда 11 желтоқсан күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде еліміздегі көшбасшы ұйым – «Nur Otan» партиясының мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткерлер – белгілі ақын, журналист, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының және Президент сыйлығының иегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Ана тілі» газетінің Бас редакторы Ашимжан Жанарбек Садыханұлы мен Алматы қаласы физика-математика бағытындағы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» директоры, «Мәдениеттану» саласы бойынша PhD доктор Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы сайлаушылармен кездесіп «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.


Үміткерлермен кездесуге сондай-ақ «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Бисембаев, «Nur Otan» Нұр Отан партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олжас Шарипов, «Верный Казахстан» ЖШС бас директоры Алтай Шарабаев және университетіміздің оқытушы-профессорлары, жас ғалымдары қатысты.
Сайлаушылармен кездесуде, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Жанарбек Әжімжан: «Бүгінде дүние жүзін жайлаған пандемия салдарынан әлемде қаржылық-экономикалық дағдарыстың жаңа толқыны белең алуда. Бұған күрделі халықаралық жағдайлар қосылып тұр. Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың бір бөлшегі ретінде дүниежүзілік дағдарыстың әсерін сезініп отыр. Қазіргі жағдайда бірлік пен келісімді, тұрақтылықты нығайтудың, қоғам мен мемлекеттің, еліміздің барша азаматтарының күш-жігерін жұмылдырудың, халықтың саяси сауатын арттырудың маңызы өте зор» –деп атап өтті.
Айта кетейік, биыл парламенттік практикада алғаш рет партиялық тізімдерге әйелдер мен жастар үшін 30% квота енгізілді. Осының бәрі, біздің ойымызша, қоғамымызды одан әрі демократияландыруға, көппартиялықты дамытуға, еліміздің қоғамдық және саяси өміріне азаматтардың қатысуын кеңейтуге алып келеді.

0
0
207

МАҚТАЛЫ ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫ ДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУДЕ

МАҚТАЛЫ ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫ ДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУДЕ

2021 жылдың 10 қаңтары күні өтетін жергілікті мәслихат пен мәжіліс депутаттарын сайлауға қатысты үгіт-насихат жұмыстары басталып та кетті. Әр партия өз үміткерлерін ұсынып, бағдарламаларымен елді таныстыруда. Саяси додада «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы өзінің іс-шарасын бекітіп, жоспарға сәйкес үміткерлер жер-жерлерде сайлаушылармен кездесуде.

Бұқараның базынасын билікке жеткізетін «Nur Otan» партиясының жанынан құрылған «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері де үтіг-насихат жұмыстарынан қалыс қалмауда. Ел аралап, кенттер мен ауылдық округтердегі халық жиі жүретін жерлерде, базарлар мен сауда орындарында партияның сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды үнпарақшалар арқылы жұртқа таратуда. Мемлекеттік қамқорлықтар мен әлеуметтің әлеуетін арттыруға арналған бағдарламаларды түсіндіріп, тұрғындарды «Nur Otan» партиясын қолдауға шақыруда.

0
0
127