Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҮМІТКЕРЛЕР ЖАСТАРМЕН ДЕ ЖҮЗДЕСУДЕ

ҮМІТКЕРЛЕР ЖАСТАРМЕН ДЕ ЖҮЗДЕСУДЕ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев төрағалық ететін «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы ұсынған аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Бауыржан Абилов бүгін белсенді жастармен кездесу өткізді.

Жастармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе отырып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстыру Бауыржан Абилов басты басымдықтарға тоқталды. Партияның бастамасымен қолға алынып жатқан жұмыстарға, соның ішінде, жастардың білім алулары мен кәсіпкерлік, агроөнеркәсіп салаларында табысты болулары үшін жасалып жатқан қамқорлықтарды тілге тиек етті.

Атқарылған жұмыстардың негізгі салаларын айтып, партияның алдағы жоспарларымен бөлісті. Жастардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Қоғам үшін маңызды мәселелерді жазып алып, тиісті сала мамандарымен жұмыс жүргізетіндігін айтты.

Кездесу соңында жастарды сайлауда қолдау көрсетуге шақырды.

Еще по теме

ҮМІТКЕРЛЕР ЖАСТАРМЕН ДЕ ЖҮЗДЕСУДЕ - Yvision.kz