Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының бекіткен жүйелік кестесіне сәйкес бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Меруерт Даубаева жергілікті тұрғындармен кезекті кездесуін өткізді.

Үміткер аудандағы «Диктроник» ЖШС қызметкерлерімен жүздесіп, еркін форматта әңгіме құрды. Халық пен билікті байланыстырып, өзекті мәселелердің дер кезінде шешілуіне орасан зор үлес қосып келе жатқан «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, пікір алмасты. Атқарылар істердің барысымен бөлісіп, 10 қаңтарда өтетін сайлауда партияға қолдау білдіруге шақырды.

Айта кетейік, аталмыш кездесуге «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы сайлауалды штабының төрағасы Досым Асабаев, жергілікті мәслихат депутаттығына үміткер Жомарт Датқаев пен «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері де қатысты.

Еще по теме

ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ - Yvision.kz