Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖҰМАНОВ ЖАМБЫЛДЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ЖҰМАНОВ ЖАМБЫЛДЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

10 қаңтар – еліміздің саяси өмірінде тағы бір тарихи дамудың даңғыл жолын айқындайтын күн. Бұл күнде Мәжіліс пен жергілікті жерлердегі мәслихат депутаттары сайланатын болады.

Саяси додаға үміткерлерін үкілеп қосқан партиялардың көшбасында «Nur Otan» партиясы тұр. Тәуелсіздік алған жылдың алғашқы сәттерінен бастап елдің экономикасы мен әлеуметтік жағдайының жақсаруына атсалысып келе жатқан партиядан Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығынан ұсынылған үміткер Бақытжан Жұманов бүгін Жамбыл ауылдық округіне қарасты Көкпарсай елдімекенінің тұрғындарымен кездесті.

Елдегі карантиндік ахуалға байланысты барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткен кездесуде үміткер тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, сайлаудағы дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығына тоқталды.

«Еліміздің, перзенттеріміздің болашағының қандай болуы – сіздердің жасайтын таңдауларыңызға тікелей байланысты. 10 қаңтар – Сіз бен Біз үшін үлкен жауапкершілік күні. Сондықтан, баршаңызды сайлауға қатысуға, елдігіміз бен ерен еңбегіміздің айнасы болған «Nur Otan» партиясына дауыс беріп қолдауға шақырамын» деді Бақытжан Жұманов.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ауыз су, жол, кәсіпкерлік салалары бойынша қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Еще по теме

ЖҰМАНОВ ЖАМБЫЛДЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ - Yvision.kz