«ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ – АҒАЙЫННЫҢ АХУАЛЫМЕН ТАНЫСУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ
«ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ – АҒАЙЫННЫҢ АХУАЛЫМЕН ТАНЫСУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер, «Атакент» аудандық ауруханасының бас дәрігері Ұлжанат Жұрымбетова бүгін «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында тұрғындармен кездесті. Акция медицина саласының ардагері Болыс Құдайбергеновтың шаңырағынан бастау алды.
Шара барысында «Nur Otan»-дықтар сайлауалды бағдарламамен таныстырып, партияның назарынан тыс қалмайтын әлеуметтік, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салаларында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Тұрғындармен тілдесіп, ұсыныстарын тыңдады. «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы барысында айтылған әрбір ұсыныс пен пікір жеке бастың емес, қоғамның, елдің мүддесіне арналды.
Шара соңында Ұлжанат Жұрымбетова жұртшылықты «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге, жарқын болашаққа бірге қадам басуға шақырды.
