Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҮМІТКЕР МАЙДАНГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҮМІТКЕР МАЙДАНГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қарапайым халықтың мүддесі мен талап-тілегін бірінші орынға қойып, айтылған ұсыныстардың шешілу жолдарын қарастыруды күн тәртібінен түсірмеген «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалынан Мәжіліс депутаттығына ұсынылған үміткер Ұлжанат Жұрымбетова бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Сейтмұрат Қосжановтың шаңырағында канвассинг өткізді. Шараға «Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының төрағасы Досым Асабаев, штаб мүшесі Меруерт Даубаева қатысты.

Еліміздің Тұңғыш Президенті, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлының жүргізген сындарлы саясатының нәтиже інде әлемдік аренада саяси тұрақтылығы мығым мемлекет атанған Қазақстанды ары қарай да дамытуға ниетті «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырған Ұлжанат Жұрымбетова сайлауалды бағдарламаның басымдықтарымен таныстырды.

«Сіздердің дауыстарыңыз, сіздердің қолдауларыңыз еліміздің болашағын айқандауда үлкен рөл атқарады. 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысып, дұрыс таңдау жасайтындарыңызға сенімдімін» деді кездесу соңында.

0
0
115

Еще по теме

ҮМІТКЕР МАЙДАНГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ - Yvision.kz