Перейти к содержимому

Новое

#JenimpazBOL#NurOtan

“Nur Otan” партиясының аудандық мәслихаты депутаттығына үміркерлер Ахментаева Айгүл және Биболова Күнсұлу “КАНВАССИНГ” шарасы бойынша Үлгілі және Жамбыл ауылының кәсіпкерлерімен жеке кездесу өткізді. Шағын және орта бизнесті дамыту - өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. Елді мекендегі кәсіпкерлікті дамыту үшін тиімді жолдар туралы әңгіме қозғалды.

0
0
145

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ОБЛЫС ҮМІТКЕРЛЕРІ ЕЛДІҢ АРАСЫНДА

Бүгінде халықтың әл-ауқатын арттыру, денсаулығы мен өмір сүру үрдісін жақсарту, білім беру мен әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын оңалту бағыттарында қыруар жұмыстарды атқарып келген «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Өмірзақ Мелдеханов пен Нұргүл Әбдіразақова, Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Досым Асабаев Мырзакент кентінің тұрғыны Разия Агалиеваның үйінде болды. Партияның сайлауалды штабы бекіткен жүйелік кестеге сәйкес «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында өткен шарада үміткерлер сайлауалды бағдарламамен таныстырып, бағдарламаның басымдықтары жазылған үнпарақшаларды берді. 10 қаңтарда өтетін сайлауда қолдау білдіріп, «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды.

Сонан соң облыс үміткерлері «КАНВАССИНГ» шарасы бойынша еңбек ардагері Сайран Сафарованың шаңырағына атбасын тіреді. Еркін форматта әңгімелесіп, кешегі күнгі Қазақстан мен бүгінгі Қазақстанды салыстырып, қол жеткен жетістіктерді дәріптеді. Әрбір игі істің басында «Nur Otan»-дық патриот азаматтардың тұрғандығы айтылып, алдағы атқарылар істердің жоспарлары таныстырылды. Әсіресе, жан-жақты қамқорлықтар көрсетіліп жатқан кәсіпкерлік саласы, оған берілетін несиелер, пайыздары мен алу жолдары түсіндірілді.

Елдегі еңбектеген баладан еңкейген қартына дейін қатардан қалдырмай, назарында ұстайтын партияға жеңіс тілеген мырзакенттіктер отбасымен «Nur Otan»-ға дауыс беретіндіктерін айтады.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
203

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: АҒЫН СУ ТАПШЫЛЫҒЫН БОЛДЫРМАУ – ӨНІМДІЛІКТІ АРТТЫРУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Досым Асабаев пен Ержан Сыдықов, Меруерт Даубаева мен Жомарт Датқаев Бірлік ауылдық округі аумағында «ПУИД-2» бағдарламасының ІІ кезеңі бойынша каналдардың күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылармен жүздесті.

Құрылысшылармен өткен жүздесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, негізгі 7 басымдыққа тоқталды. Аудан ауманында 2 жылға жуық уақыттын бері еңбек етіп келе жатқан мердігер компания 16 447 гектар аумағындағы ұзындығы 337,35 шақырымды құрайтын К-16Б, К-18, К-18А каналдарын тармақтарымен бірге, 100 дана тік дренаж бен 262 шақырымды құрайтын су қашыртқылары күрделі жөндеуден өткізуді міндетіне алған.

Ауыл шаруашылығы саласындағы ағын су тапшылығын болдырмау, үнемдеу мақсатында тозығы жеткен каналдарды қалпына келтіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың аграрлы саланың өнімділігін арттыруға да үлкен септігі тиері сөзсіз.

Ал, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеудің жаңа объектілерін ашу үшін жағдай жасай отырып аудандағы шаруа қожалықтарына берілетін ағын судың баға тұрақтылығын сақтап, арзандатуға, жеке инвестициялар есебінен шамамен 10 өңдеуші кәсіпорын ашуға ықпал ету мәселесі «Nur Otan» партиясының Мақтаарал ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ АУДАН» басымдығында айтылған. Нәтижесінде 2025 жылға дейін 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ға төмендейді деген үміткерлер құрылысшыларды партияны қолдап дауыс беруге шақырды.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
169

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: АЛДАҒЫ 5 ЖЫЛДА МАҚТААРАЛДЫҚ БҮЛДІРШІНДЕР БАЛАБАҚШАМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Елдің гүлденіп-көркеюі жолында жасампаздықтың жарқын істерін жүзеге асыруды мақсат тұтып, кемел болашаққа нық қадам басуда әрбір Қазақстандықтың басты бағыты болып келген «Nur Otan» партиясынан Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына үміткеткер Өмірзақ Мелдеханов пен Нұргүл Әбдіразақова, Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Меруерт Даубаева Иіржар ауылдық округіне қарасты Дихан ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында үміткерлер тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасындағы 7 басымдықты таныстырып, өтініш-тілектерін тыңдады, сұрақтарына жауап берді.

Жергілікті мәдениет үйінің меңгерушісі, аудандық өзбек мәдени орталығының төрайымы Алима Сайфатова ауылдағы жаңадан ашылған Наурыз көшесіне тас төсеп, асфальттап беру, қараусыз қалған ескі мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу және «Қажымұқан» жалпы орта мектебінің бұрынғы ғимаратын мемлекеттік балабақша етіп ашып беру өтінішін жеткізді.

Үміткерлер айтылған өтініш-тілектерге қатысты аудан, облыс көлемінде атқарылған жұмыстардың барысына тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес ауданда 2025 жылға жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының көрсеткіші 100%-ға жетіп, аудан орталығы мен елді мекендер арасында жолаушыларды тасымалдаушы шығын автобустар жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, алдағы 5 жылда партия 1 – 6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен толық қамтамасыз етіліп, жоғары және бірінші санатты педагог кадрлардың үлесін арттыруға ықпал ететін болады.

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берген үміткерлер 10 қаңтарда өтетін сайлауда партияға қолдау білдіруге шақырды.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
162

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУДЫ ПАРТИЯ НАЗАРҒА АЛАДЫ

Ел тағдыры үшін жауапкершілік жүгін арқалап, құрылған күнінен бастап адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатымен экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келе жатқан «Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Досым Асабаев пен Жасұлан Қолдасов «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында Иіржар ауылдық округіне қарасты Азамат ауылының тұрғыны Рысхал Кәрібекованың үйінде болды.

Рысхал апаның шаруашылығымен танысқан кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды, аудандағы ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, әлеуметтік салаларда, әйелдерді қолдап, олардың жан-жақты жетілуіне жол бермейтін кедергілерді жою мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға  тоқталды.

Атқарушы, өкілетті, сот органдары мен квазимемлекеттік сектордың басшылық құрамының 30%-ын әйелдерден жасақтауды, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар құрып, бизнесті қолдау бағдарламалары аясында оларды жеңілдетілген несиелермен және гранттармен қамтамасыз етуді, өмірлік қиын жағдайды бастан кешіп жатқан отбасыларға атаулы көмек көрсету шараларын күшейтуді қолға алып отырған партия үміткерлері алдағы сайлауда партияны қолдап, дауыс беруге шақырды.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
140

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: МАҚТААРАЛДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛМАҚ

Бүгінде сапалық тұрғыда экономика мен әлеуметтік салада, білім мен денсаулық, мәдениет салаларында анағұрлым жетістіктерге қол жеткізген «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Бауыржан Абилов Мырзакент кентінің тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында кандидат партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, «Nur Otan»-ның бастамасымен бағындырылған белестерге тоқталды.

«Жүйелі жоспардың жоғары нәтижесі де аз емес, оны мойындаған жөн. Және де мұны айтып отыру керек. Себебі, ертеңіміз бұдан да жарқын, айқын және келбетті де көрікті болу үшін бұның бәрін үнемі есте тұтқан абзал. Салыстырып, салмақтап, таразылап байқау, бағамдау үшін қажет» дейді үміткер.

Еркін форматта өткен сұхбат кезінде кент тұрғындары жас отбасылар мен көпбалалы, аз қамтамасыз етілген жанұяларды баспанамен, тұрғындарды сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері жайында сұрады.

«Nur Otan» партиясы елді мекендерде сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартып, тозығы жеткен ауыз су ұңғымаларын қайта қазуға, құбырларын жаңартуға ықпал ете отырып 2025 жылға қарай аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Ауданда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 50 көпбалалы отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етуді қолға алмақ. Мұнан бөлек, 2021–2025 жылдар аралығында Мырзакент кентінен 30 гектар жерге жеке инвестицияларды тарту есебінен 3 қабатты 1200 пәтерлі тұрғын үй құрылысын салу арқылы кезекте тұрған 153 отбасын баспанамен қамтымақ.

Осы және өзге де бірқатар партия жоспарларымен бөліскен Бауыржан Абилов алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
188

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – БАРШАҒА ОРТАҚ

Елдің саяси өміріндегі өзінің басым рөлін сақтауға ниетті «Nur Otan» партиясы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға байланысты үгіт-насихат жұмыстарын қызу жүргізуде. Адамдардың бәріне бірдей игілік пен ортақ шешімге жету үшін белсенді саяси үндесуге, сындарлы пікір алмасып, өзара тиімді ынтымақтастықты бекемдеу арқылы қоғамның өркендеуін кепілдендірмек.

«Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының 7 басымдығында ұсынылған бағыт-бағдардың төңірегіне ынтымақтасуға, бірігуге, әрбір азаматтың өз болашағын қазірден бастап қамдауға шақырған Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының төрағасы, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Досым Асабаев Иіржар ауылдық округіне қарасты Иіржар ауылында болды. Ауылға сыйлы, көпбалалы ана, әжелер алқасының төрайымы Рано Исабекова апайдың үйінде «КАНВАССИНГ» шарасы аясында жүздескен үміткер ұрпақ тәрбиесі, ұлт болашағы, бүгінгі жастар арасындағы ажырасулардың алдын алу, қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау, отбасы құндылықтарын насихаттау жайында әңгіме өрбітті.

Қазіргі таңда көз ілеспес жылдамдықпен дамып отырған әлеуметік желілерден батыстың бейәдеп бейнероликтерін көрген ауыл жастарының да тәртіпке бағынбай кететін кездері кездесетінін ренішін білдірген Досым Асабаев қылмыстардың жасалуы мен жас шаңырақтардың шайқалуының алдын алу мақсатында алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу бойынша аудан тұрғындары үшін қауіпсіз ету жоспарда бар екенін айтады. Ол бойынша партия 2021 жылы 10 ауылда, 2022 жылы 13 ауылда көше жарығына қол жеткізіп, 2025 жылдың соңына дейін барлық ауылдарда 75 көшеге жарық диодты шамдар мен тіректер орнатуға, ауылдарда 16 бейнебақылау камераларын орнатуға ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылдың соңына дейін барлық ауылдардағы көшелерде жарық диодты шамдар мен тіректер орнатылады, қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын қылмыстардың үлесі азаяды.

«Біз үшін әр азаматтың әлеуеті, қуаты, болашаққа деген сенімі мен білімі, қарым-қабілеті Қазақстанды дамытуға бағытталғаны маңызды. Біз биліктегі өз халқына және өз еліне адал қызмет етуді мақсат етіп отырған партияластарымызды бірауыздан қолдаған кезде ғана дәулетті де сәулетті тұрмысқа қол жеткізе аламыз» деген Досым Тұрғанбайұлы бірлігі мен берекесі тасыған, өзгелерге ынтымағымен үлгі бола білген Мақтааралдық еңбеккер жұртшылықты «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
176

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев, Жомарт Датқаев Жаңа жол ауылдық округінің Нұрлы жол ауылында «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында Аязбек Ормановтың шаңырағында болды. Кездесу барысында үміткерлер ақсақалдың отбасына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы 7 басымдықты түсіндіріп, елдегі жағдайлармен таныстырды. Сан салада болып жатқан оң өзгерістер мен алдағы атқарылар жоспарларды да айтып өтті. Әсіресе, ауыл азаматтарының өмір сүру сапасын жан-жақты қолдауды «Nur Otan» партиясы алдыңғы орындарға қойып отырғанын, бұл бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» жобаларын іске асыруды жалғастыра беретінін жеткізді.

2025 жылға қарай ауыл инфрақұрылымын жаңғырту Мақтарал ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай аудан тұрғындары таза су мен сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізеді.

Жоспарлармен бөліскен кандидаттар шара соңында тұрғындарды саяси додада «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

0
0
133

#JENIMPAZBOL

Бүгінде ел аумағында маслихат сайлауының үгіт насихат кезеңі жалғасып келеді.Осы орайда А.Қалыбеков а/о қарасты Абат елді мекенінде еңбек ардагері Кеттебеков Қ және ардагер ұстаз Қ.Календаровамен ,Төрткүл  ауылының ақсақалы ,еңбек ардагері Б.Жунисовпен және ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді.Кездесу барысында ,,Nur Otan"  партиясының негізгі басым бағыттарымен таныстырып өтті

0
0
159

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: МӘЖІЛІС ҮМІТКЕРІ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

«Nur Otan» - бүгінде халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізіп, көтерілген мәселелердің оңынан шешілуіне тікелей ықпал етіп келе жатқан саяси сауатты, мүдделері ортақ арнаға тоғызқан ұлтжанды азаматтардың партиясы. Партияға артылар сенім де, үміт те көп. Әрбір азамат өз өтініші мен арыз-шағымын партияның қоғамдық қабылдауына келіп айта алады.

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Ұлжанат Жұрымбетова «Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды қабылдады.

Қабылдауға келген Достық ауылдық округіне қарасты Гүлістан елді мекенінің тұрғыны Құрбан Халикова ауыз су мен электр жарығының жетіспеушілігін алға тартты. Көтерілген мәселе хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынатын болды.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

0
0
126