ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: АҒЫН СУ ТАПШЫЛЫҒЫН БОЛДЫРМАУ – ӨНІМДІЛІКТІ АРТТЫРУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Досым Асабаев пен Ержан Сыдықов, Меруерт Даубаева мен Жомарт Датқаев Бірлік ауылдық округі аумағында «ПУИД-2» бағдарламасының ІІ кезеңі бойынша каналдардың күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылармен жүздесті.
Құрылысшылармен өткен жүздесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, негізгі 7 басымдыққа тоқталды. Аудан ауманында 2 жылға жуық уақыттын бері еңбек етіп келе жатқан мердігер компания 16 447 гектар аумағындағы ұзындығы 337,35 шақырымды құрайтын К-16Б, К-18, К-18А каналдарын тармақтарымен бірге, 100 дана тік дренаж бен 262 шақырымды құрайтын су қашыртқылары күрделі жөндеуден өткізуді міндетіне алған.
Ауыл шаруашылығы саласындағы ағын су тапшылығын болдырмау, үнемдеу мақсатында тозығы жеткен каналдарды қалпына келтіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың аграрлы саланың өнімділігін арттыруға да үлкен септігі тиері сөзсіз.
Ал, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеудің жаңа объектілерін ашу үшін жағдай жасай отырып аудандағы шаруа қожалықтарына берілетін ағын судың баға тұрақтылығын сақтап, арзандатуға, жеке инвестициялар есебінен шамамен 10 өңдеуші кәсіпорын ашуға ықпал ету мәселесі «Nur Otan» партиясының Мақтаарал ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ АУДАН» басымдығында айтылған. Нәтижесінде 2025 жылға дейін 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ға төмендейді деген үміткерлер құрылысшыларды партияны қолдап дауыс беруге шақырды.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
