Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУДЫ ПАРТИЯ НАЗАРҒА АЛАДЫ

Ел тағдыры үшін жауапкершілік жүгін арқалап, құрылған күнінен бастап адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатымен экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келе жатқан «Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Досым Асабаев пен Жасұлан Қолдасов «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында Иіржар ауылдық округіне қарасты Азамат ауылының тұрғыны Рысхал Кәрібекованың үйінде болды.

Рысхал апаның шаруашылығымен танысқан кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды, аудандағы ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, әлеуметтік салаларда, әйелдерді қолдап, олардың жан-жақты жетілуіне жол бермейтін кедергілерді жою мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Атқарушы, өкілетті, сот органдары мен квазимемлекеттік сектордың басшылық құрамының 30%-ын әйелдерден жасақтауды, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар құрып, бизнесті қолдау бағдарламалары аясында оларды жеңілдетілген несиелермен және гранттармен қамтамасыз етуді, өмірлік қиын жағдайды бастан кешіп жатқан отбасыларға атаулы көмек көрсету шараларын күшейтуді қолға алып отырған партия үміткерлері алдағы сайлауда партияны қолдап, дауыс беруге шақырды.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
108

Еще по теме