ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев, Жомарт Датқаев Жаңа жол ауылдық округінің Нұрлы жол ауылында «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында Аязбек Ормановтың шаңырағында болды. Кездесу барысында үміткерлер ақсақалдың отбасына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы 7 басымдықты түсіндіріп, елдегі жағдайлармен таныстырды. Сан салада болып жатқан оң өзгерістер мен алдағы атқарылар жоспарларды да айтып өтті. Әсіресе, ауыл азаматтарының өмір сүру сапасын жан-жақты қолдауды «Nur Otan» партиясы алдыңғы орындарға қойып отырғанын, бұл бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» жобаларын іске асыруды жалғастыра беретінін жеткізді.
2025 жылға қарай ауыл инфрақұрылымын жаңғырту Мақтарал ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай аудан тұрғындары таза су мен сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізеді.
Жоспарлармен бөліскен кандидаттар шара соңында тұрғындарды саяси додада «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
