ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: АЛДАҒЫ 5 ЖЫЛДА МАҚТААРАЛДЫҚ БҮЛДІРШІНДЕР БАЛАБАҚШАМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ
Елдің гүлденіп-көркеюі жолында жасампаздықтың жарқын істерін жүзеге асыруды мақсат тұтып, кемел болашаққа нық қадам басуда әрбір Қазақстандықтың басты бағыты болып келген «Nur Otan» партиясынан Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына үміткеткер Өмірзақ Мелдеханов пен Нұргүл Әбдіразақова, Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Меруерт Даубаева Иіржар ауылдық округіне қарасты Дихан ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында үміткерлер тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасындағы 7 басымдықты таныстырып, өтініш-тілектерін тыңдады, сұрақтарына жауап берді.
Жергілікті мәдениет үйінің меңгерушісі, аудандық өзбек мәдени орталығының төрайымы Алима Сайфатова ауылдағы жаңадан ашылған Наурыз көшесіне тас төсеп, асфальттап беру, қараусыз қалған ескі мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу және «Қажымұқан» жалпы орта мектебінің бұрынғы ғимаратын мемлекеттік балабақша етіп ашып беру өтінішін жеткізді.
Үміткерлер айтылған өтініш-тілектерге қатысты аудан, облыс көлемінде атқарылған жұмыстардың барысына тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес ауданда 2025 жылға жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының көрсеткіші 100%-ға жетіп, аудан орталығы мен елді мекендер арасында жолаушыларды тасымалдаушы шығын автобустар жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, алдағы 5 жылда партия 1 – 6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен толық қамтамасыз етіліп, жоғары және бірінші санатты педагог кадрлардың үлесін арттыруға ықпал ететін болады.
Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берген үміткерлер 10 қаңтарда өтетін сайлауда партияға қолдау білдіруге шақырды.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
