ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: МӘЖІЛІС ҮМІТКЕРІ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
«Nur Otan» - бүгінде халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізіп, көтерілген мәселелердің оңынан шешілуіне тікелей ықпал етіп келе жатқан саяси сауатты, мүдделері ортақ арнаға тоғызқан ұлтжанды азаматтардың партиясы. Партияға артылар сенім де, үміт те көп. Әрбір азамат өз өтініші мен арыз-шағымын партияның қоғамдық қабылдауына келіп айта алады.
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Ұлжанат Жұрымбетова «Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды қабылдады.
Қабылдауға келген Достық ауылдық округіне қарасты Гүлістан елді мекенінің тұрғыны Құрбан Халикова ауыз су мен электр жарығының жетіспеушілігін алға тартты. Көтерілген мәселе хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынатын болды.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
