ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ОБЛЫС ҮМІТКЕРЛЕРІ ЕЛДІҢ АРАСЫНДА
Бүгінде халықтың әл-ауқатын арттыру, денсаулығы мен өмір сүру үрдісін жақсарту, білім беру мен әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын оңалту бағыттарында қыруар жұмыстарды атқарып келген «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Өмірзақ Мелдеханов пен Нұргүл Әбдіразақова, Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Досым Асабаев Мырзакент кентінің тұрғыны Разия Агалиеваның үйінде болды. Партияның сайлауалды штабы бекіткен жүйелік кестеге сәйкес «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында өткен шарада үміткерлер сайлауалды бағдарламамен таныстырып, бағдарламаның басымдықтары жазылған үнпарақшаларды берді. 10 қаңтарда өтетін сайлауда қолдау білдіріп, «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды.
Сонан соң облыс үміткерлері «КАНВАССИНГ» шарасы бойынша еңбек ардагері Сайран Сафарованың шаңырағына атбасын тіреді. Еркін форматта әңгімелесіп, кешегі күнгі Қазақстан мен бүгінгі Қазақстанды салыстырып, қол жеткен жетістіктерді дәріптеді. Әрбір игі істің басында «Nur Otan»-дық патриот азаматтардың тұрғандығы айтылып, алдағы атқарылар істердің жоспарлары таныстырылды. Әсіресе, жан-жақты қамқорлықтар көрсетіліп жатқан кәсіпкерлік саласы, оған берілетін несиелер, пайыздары мен алу жолдары түсіндірілді.
Елдегі еңбектеген баладан еңкейген қартына дейін қатардан қалдырмай, назарында ұстайтын партияға жеңіс тілеген мырзакенттіктер отбасымен «Nur Otan»-ға дауыс беретіндіктерін айтады.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
