Перейти к содержимому

Новое

КЕЛЕС АУДАНЫНДА 7 303 ГЕКТАР ЖЕР ҚАЙТА АЙНАЛЫМҒА ЕНЕДІ

Ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс арқылы айналымға енгізу бойынша ағымдағы жылы 150 дана жер учаскесі, яғни 7 303 га аумақ (оның ішінде 1 228 га суармалы егістік, 256 га тәлімі және 5 759 га жайылым) бос екені анықталды. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізіліп Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы Келес аудандық тіркеу және жер кадастр бөліміне өткізіліп, жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Келес аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Бауыржан Бейсеқұл әлеуметтік желідегі тікелей эфирде айтты.

Жер балансының есебі бойынша Келес ауданының жалпы жер көлемі - 345 129 гектар болса, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 230 741 гектарды құрайды. Ауылшаруашылығы жерлерінің - 22 197 гектары егістік, 374 га бау жүзім, 2 882 га  тыңайған жерлер, 204 899 га  жайылым және өзге жерлер 388 га құрап отыр. Аудан аумағында 5 268 шаруа қожалықтары, 38 өндірістік кооператив және 75 серіктестіктер бар.

2020 жылы аудан аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүргізілген түгендеу жұмыстары кезінде 17 жер иелерінің - 1 788,7186 гектар жері пайдаланылмай жатқандығы анықталған. Есептік мерзімге 14 жер иелерінің 733,7386 га жерлері мемлекет меншігіне қайтарылған. Ал қалған 4 жер иелерінің 131,3 га жерлері иесіз мүлік ретінде есепке алынған.

0
0
150

Встреча с населением села Мукур вопросам инфраструктуры села

«Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Азат Сарпеков Мұқыр ауылының тұрғындарымен инфрақұрылым мәселелері бойынша кездесті.
⠀
Кездесу ауыл мектебінің қабырғасында өтті. Тұрғындармен кездесуден кейін мектеп директоры ғимарат бойынша қысқа экскурсия ұйымдастырып, болашақ жоспарларымен бөлісті.

Первый заместитель председателя Семейского городского филиала партии «Nur Otan» Азат Сарпеков встретился с жителями села Мукур по вопросам инфраструктуры.
⠀
Встреча прошла в стенах сельской школы. После встречи с жителями директором школы была организована небольшая экскурсия по зданию, где он поделился планами на будущее.

#NurOtan #NurOtanSemey

0
0
181

Антикоррупционная служба ЗКО подписала антикоррупционное соглашение

24 декабря 2020 года между Проектным офисом «Protecting Business and Investments» (далее – «PBI») и ТОО «Кублей» подписаны соглашенияоб антикоррупционном сопровождении инвестиционныхпроектовпо реализации консервного завода и мясоперерабатывающего комплекса.

Проект «PBI» разработан в целях создания благоприятного инвестиционного климата и повышения доверия бизнеса и инвесторов к институтам государственной власти. Ключевые направления проекта – правовая защита, оптимизация бизнес-процессов, регуляторное воздействие, общественный контроль и антикоррупционная грамотность.

Единственным условием для участия в программе является стопроцентный отказ от коррупционной составляющей в инвестиционном проекте и нулевая терпимость к коррупции. Вместе с тем приглашаем инвесторов взаимодействовать с Проектным офисом «PBI».

На сегодня, по области с инвесторами подписано 26 подобных соглашений на общую сумму свыше 854 млрд тенге.

О фактах коррупции любой гражданин может сообщить в Антикоррупционную службу через Call- центр «1424», который работает в режиме 24/7.

1
0
158

ЖҰРТ БОЛЫП ЖАҢЫЛЫССАҚ ТА, ...

Сайлауалды бағдарламаны насихаттау және Бірлесу ауыл округінің шекара аймағында орналасқан ауыл халқының тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында мен 28- гвардия және Диқан ауылдарына ат басын бұрдым. Ел іргесіндегі ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі- егіншілік, ерте өнімге арналған әрекеттері байқалып- ақ тұр. Ауыл ақсақалы Д.Қантбековпен  және ауыл ағаларымен болған сұхбатымда "Nur Otan" партиясының Сайлауалды Бағдарламасымен таныстырдым. Ауыл тұрғындары ә дегеннен партияның мына қиын- қыстау кезеңде көрсеткен қолдауларын айтып, бағдарламаның бағыттарына ризашылық білдірді. Әсіресе, ирригациялық ағын су жүйелерін қалпына келтіру мен ауыл шаруашылық техникаларын 60% жаңарту;

Мал тұқымын асылдандыру;

Шағын және орта бизнесті дамыту;

Жаңа жұмыс орындарын құру;

Ұлттық спортты дамытуға арналған бөлімдерге "бәрекелді" десті диқандықтар. Әрине, тіршілік қазаны қайнап жатқан тұста кемшілік те кездеспей қалмайды, ауыл тұрғындарының көкейде жүрген түйткілді мәселелерін түртіп алдым. Ол міндетті түрде аудандық партия штабына жеткізілетін болады.

Ия, қарап отырсам қарапайым халық келер күнге үмітпен күнделікті тіршілігіне кіріскен, тіпті кейбірінің сөйлесуге уақыты жоқ. Ол тіршілік талабы, лайым еңбектері жана берсін. Қашанда халықпен бірге болған "Nur Otan" партиясымен халық та бірге боларына сенім мол. Посттың соңын кеше ғана ашық алаңда партия атынан дебатқа қатысқан Айдос Сарымның сөзімен аяқтасам : "- Жұрт болып жаңылыссақ та, ұлт болып ұтылуға хақымыз жоқ"  Ия, бұл нақты түйін!

0
0
202

КЕЛЕСТЕ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА!!!

Келес аудандық мәслихат депутатығына үміткерлер арасында Бірлік ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті.  Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға үміткерлер  партия тарапынан шешімін табуға атсалысатындарын жеткізді.  Үміткерлер арасынан Абдикаримова Жанар қойылған сұрақтарға жауап беріп,  ауыл тұрғындарымен өзара сұқбат құру арқылы партияға дауыс беруге және партияны қолдауға шақырды.

0
0
185

Прямой эфир председателя КПК ТФП по вопросам экологии

"Nur Otan" партиясының Семей қалалық филиалы, қалалық мәслихат депутаты, ҚПК төрағасы Б.С. Қайрамбаев Семей қаласының экологиясы мәселелері бойынша тікелей эфир өткізді.

🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️

Семейский городской филиал партии "Nur Otan", депутат городского маслихата, председатель КПК ТФП Кайрамбаев Б.С. провел прямой эфир по вопросам экологии города Семей.

#NurOtan #NurOtanSemey

0
0
162

БАЛА БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ.

Ия, бала тәрбиесі де партияның басты назарда. ​ «Адамның адамшылығы ақылы, ғылымы, жақсы ата, жақсы ана,жақсы ұстаздан болады. Адам баласын бауырым деу жүректің ісі»

Баланың жақсысы- әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы. Қоғамның болашағы мен беделіне айқын жол ашар өскелең ұрпақ. Тал бесіктен басталар тәрбиенің тереңді меңзейтіні осында.

Бүгін «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ж.Абдикаримова, У.Омарова және З.Исабаевалар​ ауданның кәсіпкерлік орталығының мәжіліс залында кәсібін бала тәрбиесіне бағыттап жүрген кәсіпкер әйел азаматтар, яғни жекеменшік балабақша меңгерушілері және құрылтайшыларымен кездесу өткізді.

Ж.Абдикаримова: «Ата-ана өз баласын махаббатың нұрына бөлеп,қуанышына, бақытына бөлейді. «Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе» - деп бабымыз айтқандай баланы​ бесіктен, тіпті бала тәрбиесі туралы сөз ете қалғанда, алты айлық баласын тәрбиешіге әкелген ата-анаға «Сіз балаңызды 1,5 жыл тәрбиесін өткізіп алдыңыз, баланы іште тәрбиелеу керек» - деген еврей халқынын мысалын келтіріп жатады.​ Баласының жақсы болғанын армандамайтын ата-ана жоқ.​ Тіпті баласының болашағы үшін отқа да, суға да түсетін ата-аналар бар. Бала тәрбиесі - қиында күрделі процесс. Біз баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғаның қалаймыз. Бірақ баламызды осы мақсаттарға тәрбиелеу үшін үлкен еңбек, күш – жігердің қажет етеді» - деп өз ойын жеткізді.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының кәсіпкерлік сала мен бала тәрбиесіне қатысты бөлігін жете түсіндірді.

Атап айтқанда, ауданда үш жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшаларда ​ білім беруде білім беру сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылатын болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін,​ 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуға қол жеткізу үшін балабақшаларда қосымша топтар ашуға қол жеткізетінін жеткізді.

Тең мүмкіндіктер құру үшін «Nur Otan» партиясы:

Мүгедек адамдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып, дербес, онлайн режимінде қолдау, компенсаторлық және әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін​ әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын​ енгізуге;

балаларды​ инклюзивті біліммен қамтуды 60%-ға​ дейін арттыруға;

​ «Қамқорлық»​ жобасы аясында ауылдық округтер мен елді мекендерде өтетін қайырымдылық іс-шараларына жалғызбасты және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларды тартатын болады.

Кәсіпкер аналар​ Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Әл - Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дегенді айтып, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып бала тәрбиесін қолға алып отырған педагогтар қауымы​ «Nur Otan» партиясын қолдайтынын жеткізді.

0
0
232

ШАЛҒАЙДАҒЫ АҒАЙЫН ПАРТИЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ.

Бүгін «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа депутаттыққа үміткер ретінде тіркелген Исахова Сәуле Серікбайқызы  Бозай ауылдық округінде болып, шалғайдағы ауыл аймақты үйме-үй жүріп сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының 7 басым бағытын таныстырып, партияның алға қойған мақсаты мен атқарар істері жайлы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ауыл ақсақалдары партияның шалғайдағы халықты да назардан тыс қалдырмай арнайы келген кандидатқа ризашылығын білдіріп, ақ баталарын жаудырып, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндерін жеткізді.

Келес ауданының «Jas Otan» Жастар Қанатының белсенділері мен еріктілері кандидатқа қолдау білдіріп, сайлаушыларға партияның сайлау қорының қаржысына дайындалған үгіт-насихат материалдарын үлестірді.

0
0
126

АГРАРЛЫҚ АУДАНҒА АҒЫН СУ АУАДАЙ ҚАЖЕТ.

Бүгін Мен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жұмабеков Ахмет Әбдіраманұлы аудандық мәдениет үйінде шаруа қожалық өкілдерімен кездесіп, аудан көлемінде өзім білетін егістік алқаптардағы ағын су тапшылығы проблемасын көтеріп, жиынға қатысушылармен осы мәселе төңірегінде қосымша ​ проблемаларды және шешу бойынша ұсыныстарды ашық талқыға салдым.

Біртілек ауылдық округінің диқандары Сарыағаш ауданынанм бастау алатын «Шошым» каналының Келес ауданындағы бөлігін қазып тазарту арқылы егістік алқаптарға ағын су таршылығы шешілетіні, Жолбасшы елді мекені аумағындағы 4 қашыртқыны тазалау мәселесін көтеріп, қашыртқылардан жайылып жатқан соры біршама жерге жетіп, егістікке зиянын тигізіп жатқан, осы мәселе шешілмесе егістік алқаптады сор басу қаупі жоғары екенін айтып өтті.

Ошақты және Бірлік ауылдық округтерінен келіп жиынға қатысқан егін шаруашылығының өкілдері де сол аймақтағы 2 каналдың толық қазылмағаны себепті көптеген егістік жерлер игерілмей жатқанын жеткізді.

Ал Ұшқын, Жүзімдік және Ақтөбе ауылдық округінен келген егістік өнім өндірушілері Өзбекстан мемлекетінен бастау алатын ВТК және СТК каналдарынан биылғы жылы «Nur Otan» партиясының ықпалымен ағынсу келуі біршама жақсарғанымен қажетті мөлшерде келмегенін айтып өтті. Сонымен қатар, бұл каналдардың шекараның бейтарап аймағындағы бөліктерін бетонмен қаптау қажеттігін жөнінде ұсыныс білдірді.

Мен өз кезегімде партияның Келес ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасымен танысытырып, партияның аудандағы ирригациялық су жүйелерін қалпына келтірудің басым бағыттары, соның ішінде Бірлік ауылдық округі аумағындағы каналдарды жылма-жыл бетонмен қаптау партияның сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқанын, ал Өзбекстаннан бастау алатын каналдары тазалау мен шекараның бейтарап бөлігін тазалау мен бетондауды партия мемлекетаралық дейгейде шешуді қолға алатынын жеткіздім.

Жиын соңында партияның бүгінге дейін атқарған жұмыстарына тоқталып, алдағы уақытта да халықтың үнін тыңдап келе жатқан алдағы уақытта да жұмыс қарқынын күшейтетін «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырдым.

Шаруалар «Nur Otan» партиясының аудандағы жұмыстарына қанағаттанатынын, сайлауда ​ «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндерін айтып, сәттілік тіледі.

0
0
188