Перейти к содержимому

Новое

АЗАТТЫҚТА ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

Үміткерлер Б.Тулешев және Б.Жабатаев Азаттық ауылындағы жеке кәсіпкерлермен кездесіп, агитация өткізді. Кездесу барысында жеке кәсіпкерлер кандидаттарға өз ұсыныс тілектерін айтты. Өз кәсіптерін одан әрі дамыту үшін ыңғайлы мемлекеттен берілетін арзандатылған несие бағдарламасымен таныстыруды сұрады. Кандидаттар өз кезегінде сайлаушылардан түскен ұсыныстарды назарға алып, "DAMU" қоры арқылы көмек қолын созатындығын жеткізді.

0
0
156

ТАСТҰМСЫҚ ЖӘНЕ ЖАСКЕШУ АУЫЛДАРЫНДА КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ.

Бүгін үміткерлер С.Сейсенбаев, И.Мамбетов Тастұмсық, Жаскешу ауылы тұрғындарымен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының Сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Жеке кәсіпкерлер, сонымен қатар "Түркібасы" ЖШС жұмысшылары және "Оңтүстік Жарық" қызметкерлері өз тараптарынан партияны қолдайтындарын білдіріп, бірауыздан NUR OTAN-ға дауыс беретіндіктерін жеткізді.

0
0
242

ШАҚПАҚ БАБА АУЫЛЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ШЕШІМІ ТАБЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Бүгін «Nur Otan» партиясының  Түлкібас аудандық  мәслихат депутаттығына үміткерлер - А.Меңлібеков, Ө.Маткеримов және облыстық мәслихат депутаттығына – А.Омаров Шақпақ баба ауылының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын барысында Түлкібас ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының  5 жылға арналған Сайлауалды бағдарламасымен  таныстырып өтті. Ондағы дамудың жеті басымдыққа жеке жеке тоқталып өтті. Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер А.Омаров Шақпақ баба ауылында 300 га жерге алма көшеттерін егетінін және осы ауыл тұрғындарына  жұмыс орны ашылатынын атап өтті.

«Nur Otan» партиясының  кандидаттарымен кездесу барысында ауыл тұрғындары өзекті етіп көтерілген мәселе ауыз су мәселесі болатын. Өз кезегінде аудандық мәслихаттыққа үміткер А.Меңлібеков 2021 жылы ауыз су жүйесі қайта реконструкциядан өтетінін мәлімдеді. Реконструкцияға қаражат республикалық бюджеттен бөлінетінін және бұл қаржы бөлініп үлгерегендігін сөзге тиек етті.

Одан бөлек, ауыл тұрғындарынан көтерілген екінші мәселе интернет желісі туралы болатын. Өз сөзінде аудандық мәслихаттыққа үміткер Ө.Маткеримов 2021 жылы интернет тартылмаған  РЗД 114 ауылына және Шақпақ баба ауылының Бағысбеков көшесінің бас жағы, Шүкіров көшесіне, Асанбеков көшесіне, Айманбетов көшесінің соңғы жағына орнатуына ықпал жасап «Қазақтелеком» АҚ компаниясымен сөйлесетінін мәлімдеді.

Кездесу соңында партия мүшелері Шақпақ ауылдық округінің тұрғындарына 2021 жылы 10 қаңтарда сайлау учаскесіне келіп «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
252

ҮМІТКЕР МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін "Nur Otan" партиясы Түлкібас аудандық филиалының ғимаратында ауданымыздың мәслихат депутаттығына үміткер Кузембаева  Аксұлу Шаменқызы мүмкіндігі шектеулі жандармен "Nur Otan" партиясының Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.  Өз сөзінде кандидат халықтың күнделікті өмір тіршілігі, көкейіндегі мазалаған сұрақтары, қазіргі әлемдегі пандемияға байланысты денсаулығын, амандығын ойлаған халқымның үрейі, ой-толғанысы әрқашан қолайлы шешім табуға ізденіске жетелеу керек деді. Мүгедек жандардың күнделікті мазалаған ойлары мен туындаған мәселелер бойынша ой бөлісті! Сонымен қатар жиынға қатысқан  азаматтарды  2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда дауыс беруге белсене қатысуға шақырды.

АҚБИІК ЖӘНЕ МАШАТТАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР

Бүгін "Есіктен есікке" акциясы шеңберінде облыстық мәслихат депутаттығына үміткердің бірі Ақбиік және Машат ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл тұрғындарына "Nur Otan" партиясының Сайлауалды бағдарламасының жобасымен таныстырды.

0
0
153

КАНДИДАТТАР ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ!

«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Манахова Галия, Бектаев Эрнар және Әбдімәлік Мұхтар штабтың қоғамдық қабылдау секторының мүшесі  Мамадияр Ибраевпен азаматтарға жеке қоғамдық қабылдау өткізді.

​ Қоғамдық қабылдауға келушілер негізінен тұрғын үйге жер беру, табиғи газ және таза ауызсу мәселелері бойынша жүгінді. Азаматтарға бірқатар мәселелер бойынша түсініктемелер беріліп, табиғи газ және ауызсу мәселелері бойынша партияның сайлауалды бағдарламасына енгізілгенін, алдағы уақытта шешімін табатынын жеткізді.

0
0
158

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығының үміткерлері Түлкібас аудандық орталық аурухананың акушер-гинеколог дәрігері - Күзембаева Ақсұлу Шаменқызы және дәрігер  Бегимова Лаура  орталық ауруханасының ұжымымен кездесіп, жиын өткізді. Бас дәрігер  Турлыбеков Б.К. кездесуді ашып, "Nur Otan" партияның жетістіктерің  айтып, қолдауға  шақырды. Өз сөзінде үміткерлер ұжымының күнделікті өмір тіршілігі, көкейіндегі мазалаған сұрақтары, қазіргі әлемдегі пандемияға байланысты денсаулығын, амандығын ойлаған халқымызға кызмет көрсеткеніне улкен алғысын білдірді! Ой-толғанысы әрқашан қолайлы шешім табуға ізденіске жетелеу керек деді.  Өткізілген кездесу мен сұхбатта ұжымсдастарының  күнделікті мазалаған ойлары мен туындаған мәселелері бойынша ой бөлісті! Сонымен қатар 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда дауыс беруге белсене қатысуға шақырды.

0
0
133

КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін "Nur Otan" партиясының аудандық мәслихаттыққа үміткерлер Д.Абишев, Р.Шымырбаева, С.Кайшыбеков аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті мүшелерімен кездесу өткізіп, партияның Сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Өз сөзінде Даулен Мырзалыұлы кәсіподақ комитеті мүшелерінің білім саласында аянбай еңбек етіп жатқандықтарын айтты және білім саласына қатысты бірқатар мәселелерді айтып өтті. Өз кезегінде келесі үміткер Р.Шымырбаева сайлауалды бағдарламадағы туризм мен ауылшаруашылық, медицина саласын жүйелі түрде жолға қою көзделіп отыр. Оның ішінде ірі қара басын арттыру, ауылшаруашық өнімдерін ұлғайту, медицина саласы бойынша барлық ауылдық жерлердегі амбулаторияларда материалдық техникалық базаларын нығайту және көлікпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Туризм саласы бойынша «Nur Otan» партиясы жылына 7 мыңдай туристі қамту үшін:

- Түлкібас-Жабағылы елді мекендері аралығында велоспортпен айналысатын веложол салуға;

- Иірсу шатқалынан көру алаңы құрылысының жобасын дайындап, құрылысын жүргізуге;

- Этнотуризмді дамыту бағытында Майлыкент ауылдық округіне қарасты Қарағашты ауылынан жылына 1000 туристке дейін қызмет көрсетуге мүмкіндік туғызатын «Etno Park Resort» құрылысын іске асыруға ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай өңірге келушілердің саны                  1,5 есеге, оларды орналастыру орындарының саны 5,0%-ға, қызмет көрсету көлемі 9,0%-ға артатындығын атап көрсетті. Жиын соңында келесі үміткер С.Қайшыбеков жиналған қауымға 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
132