ШАЛҒАЙДАҒЫ АҒАЙЫН ПАРТИЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ.
Бүгін «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа депутаттыққа үміткер ретінде тіркелген Исахова Сәуле Серікбайқызы Бозай ауылдық округінде болып, шалғайдағы ауыл аймақты үйме-үй жүріп сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының 7 басым бағытын таныстырып, партияның алға қойған мақсаты мен атқарар істері жайлы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ауыл ақсақалдары партияның шалғайдағы халықты да назардан тыс қалдырмай арнайы келген кандидатқа ризашылығын білдіріп, ақ баталарын жаудырып, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндерін жеткізді.
Келес ауданының «Jas Otan» Жастар Қанатының белсенділері мен еріктілері кандидатқа қолдау білдіріп, сайлаушыларға партияның сайлау қорының қаржысына дайындалған үгіт-насихат материалдарын үлестірді.
